Now Reading
Қарағандыда балалардың улануы: зардап шеккендердің жағдайының жақсарғаны байқалады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағандыда балалардың улануы: зардап шеккендердің жағдайының жақсарғаны байқалады

Қарағандыда балалардың улануы: зардап шеккендердің жағдайының жақсарғаны байқалады

Қарағандыға жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығында болып, Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының зардап шеккен балаларына медициналық көмек көрсету барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысы бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қабылданған 14 баланың 5-і бүгінде ем қабылдауда. Жақсару динамикасы бар балалар реабилитациядан өтуде.

Ажар Гиният бөлімшелерді аралау кезінде жас науқастардың денсаулығының жақсарғанын атап өтті. Балаларды емдеу барысы республикалық мамандардың үнемі бақылауында.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың жағдайын, оларға көрсетілетін медициналық көмек барысын үнемі қадағалауда.

Еске салайық 30 шілдеде Қарағанды облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға еліміздегі мұндай мекемелерді кешенді тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, ішек инфекциясына жүргізілген талдаулар теріс нәтиже берген. Қарағандыда балалардың улануының шынайы себебі әлі анықталуда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...