Музыканы құлағыңызбен емес, жүрегіңізбен тыңдаңыз. Солтүстік Қазақстандық Sensitive есту қабілеті бұзылған бишілер ансамблі әлемдік сахнаны бағындыруда. Енді ұжым келесі би маусымына дайындалып, көрермендер үшін жаңа бағдарлама үйренуде.
Sensitive би театрының құрылғанына 17 жыл болды. Ол 40-тан астам есту қабілеті нашар және мүлде естімейтін адамдардың басын қосты. Мұнда олар өз үйлерін, өмірлік жұмыстарын тапты. Ұжымдағы балалар бір отбасы сияқты өмір сүреді: бір-біріне сенеді, көмектеседі, қиындықтарды бірге өтеді
«Мен үшін би — өмір», — дейді Айнұр Саинова. Ол Sensitive би тобына қосылғанына 7 жыл болды. Осы уақыт ішінде ол тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзіндегі халықаралық байқаулар мен түрлі фестивальдерге қатысты.
Айнұр Саинова, Sensitive би театрының мүшесі:
– Биге келгенде, үнемі ерекше сезімге бөленем. Бұл маған ерік-жігер, жақсы болуға мотивация береді. Барлығы үшін ең жақсы болуға. Біз билей алатынымызды адамдарға жеткізгіміз келеді. Біз кәсіпқой бишілер, әуесқой ма, бұл маңызды емес. Қанша жыл билесек те, билеуден жалықпаймыз. Біз көбірек жұмыс істейміз, көп тырысамыз. Мысалы, біз бал биін билеп көреміз.
Ансамбль репертуарында әртүрлі стильдегі билер бар: контемп, заманауи хореография және қазақ халық билері. Ольга Ростовщикова балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға көмектесуге тырысады. Ым тілінің өзі би, нағыз өнер. Бұл сөздер өте ынталандырады, деп мойындайды хореограф. Қазіргі таңда бишілер өз өнерлерін көрсетуде ым-ишара тілін пайдаланады.
Ольга Ростовщикова, Sensitive би театрының көркемдік жетекшісі:
– Мен қолға баса назар аударғым келді. Ол айтқандай, бұл қимылдар. Халық осыған көңіл бөлсін. Өйткені бұл да өнер. Бұл өз алдына өте қызық тіл. Айтайын дегенім, Sensitive би театрында барлығы 40-тан сәл астам бала бар. Бұл дайындық тобы, кіші, орта және үлкен топтар. 5 жастан бастап, аяғына дейін үлкен құрамда 30-ға жуық солистер бар.
Олар халықаралық жарыстарда өз өнерлерін көрсетіп жүр. Осы жазда олар Испанияда болып, алтын медальдар әкелді. Олар АҚШ, Болгария, БАӘ және басқа елдерде өнер көрсетті. Енді ұжым кезекті би маусымын ашады. Биыл көрермендер пластикалық театрды тамашалайды. Бұл ансамбль үшін осындай екінші тәжірибе болмақ.