Now Reading
Азаматтық форум: Астанада «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары аталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Азаматтық форум: Астанада «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары аталды

Азаматтық форум: Астанада «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары аталды

Елордада XI Азаматтық форум аясында өткен «Жергілікті бастамалар» әлеуметтік жобаларының грант иегерлері мен видеобайқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Марапаттау рәсімі елорда мен облыстардың үкіметтік емес ұйымдары, қоғам қайраткерлері, волонтерлік қоғамдастық мүшелері мен қала әкімдігінің өкілдері қатысқан ХІ Азаматтық форум алаңында өтті.

Байқауға қатысқан бейнероликтер мазмұнды және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған болуы керек.

Жеңімпаздар:

«Семей ЯП» ҚҚ; «Нұр әлем Қазақстан» ҚҚ; «Оңалту технологиялары мен тұжырымдамаларының Қоғамдық Қоры»; «Best For Kids» ҚҚ; «Мама про» ҚҚ; «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ; «Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы» ҚБ; «Қара Шаңырақ» ҚБ; «Strong mother NS» ҚҚ; Ұмытшақтығы бар мүгедектігі бар науқастардың қоғамдық бірлестігі.

Іріктелген 20 жұмыстың 10-ы 500 мың теңгенің сертификаттарына ие болды, қалған жұмыстардың авторларына естелік сыйлықтар табысталды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...