Now Reading
Мәдени демалыс: келесі аптада Астанада қайда баруға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәдени демалыс: келесі аптада Астанада қайда баруға болады

Мәдени демалыс: келесі аптада Астанада қайда баруға болады

Елордада алдағы апта түрлі мәдени шараларға, соның ішінде концерттерге, көрмелерге, көп жанрлық қойылымдарға бай болады,- деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

16 қазан күні сағат 19.00-де «Жастар» сарайында DS CREW тобының алғашқы жеке концерті өтеді.

Дәл осы уақытта QAZAQSTAN Орталық концерт залында Ne prosto оркестрі симфониялық оркестрі мен хорының орындауында «Великолепный век» саундтрек концерті өтеді.

17 қазанда сағат 10.00-де Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін сақтау орталығында «Қасиетті карта. Елорданың ескерткіштері мен нысандарындағы Астана тарихы» тақырыбында лекция өтеді.

«Жастар» театрында сағат 18.30-да көрермендерге Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Ұлтқа қызмет» спектаклі көрсетіледі.

19.00-де «Астана Опера» театрында «Періштелер музыкасы» концерті өтеді.

Дәл осы уақытта «Жастар» сарайында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің «Сарайшықтан сәлем саз» атты концерті өтеді.

18 қазан сағат 11.00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен салтанатты түрде қоштасу әскери-патриоттық іс-шарасы өткізіледі.

18.30-да «Жастар» театрында Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Қош, махаббат» спектаклі өтеді. 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Төлеген Мұхамеджановтың Рухани келісім күніне арналған концерті өтеді.

Дәл осы уақытта «Астана Опера» театрында «Богема» спектаклі көрсетіледі.

19.00-де «Жастар» сарайының сахнасында халық аспаптар оркестрі мен «Сармат» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

 

19 қазанда ЭКСПО ХЭК-те халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелері басталады.

Сағат 18:30-да «Жастар» сарайында сүйікті мультфильмдеріңіздің саундтректері ойналады.

19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Ғажапқа толы әуен» халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.

20 қазан күні сағат 10.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» көрмесі басталады.

Сағат 14.00, 16.00-де қуыршақ театрында «Отбасылық альбом» қойылымы көрсетіледі.

Сғат 19.00-де «Астана Опера» театрында «Жібек баспалдақ» фарс-операсы өтеді.

Дәл осы уақытта Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алиса ғажайыптар елінде» цирк және театр қойылымын көрсетеді.

21 қазанда «Жастар» сарайында жас көрермендер «Көгілдір трактор» музыкалық қойылымын тамашалай алады. Өтетін уақыты: 11:00, 14:00, 17:00.

12.00 және 16.00-де қуыршақ театрында «Отбасылық альбом» қойылымы көрсетіледі.

18.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Боранда Бекет» спектаклін қояды.

22 қазанда 13:00, 15:00 және 17:00-де «ҚазМедиа Холл» сахнасында «Алиса демалыста» атты балалар театрландырылған шоуы өтеді.

19.00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Құдайберген Бекіштің концерті өтеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×