Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Әділетті мемлекет. Бір ұлт. Өркендеген қоғам», «Дені сау ұлт – әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» және 2021 жылға «Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулықты жақсарту» ұлттық жобасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің, қала тұрғындарының қолдауымен Ақерман, Аспара, Ақтоған ауылдары үшжақты меморандумға қол қойды.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту, өмір сүру ұзақтығын арттыру, денсаулық сауаттылығын арттыру және салауатты мінез-құлықты насихаттау.
«Дені сау ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған кешенді іс-шараларға Қордай аудандық ауруханасының дәрігерлері осы жобаға ену мақсатында түрлі семинар-тренингтерге қатысып, белсенділік танытты.
2018 жылы қабылданған «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясына» негізделген бұл шараның мақсаты – дұрыс тамақтануды насихаттау, созылмалы аурулардың көбеюінен туындайтын мәселелердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және т.б.
Осы жоба аясында Қордай ауданындағы Әлжан ауылы 4725 адам тұратын «Салауатты ауыл» атанып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдігі және ауыл тұрғындары арасында үш жақты Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – ауыл тұрғындарын аурудың алдын алуға, дер кезінде профилактикалық тексерулерден өтуге және салауатты өмір салтын сақтауға шақыру.
Мәдениет үйіне жиналған аға буын өкілдері, 80-90 жастағы ата-әжелер ауылдастарын ән-жыр арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, ұзақ өмір сүрудің қағидаларын айтып, олардың үлгісін ауыл жастарына ұстануды ұсынды.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы Меркен ауданындағы Ақтоған, Ақерман, Аспара «Салауатты ауыл» атанған болатын.