Now Reading
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстанның туы көтерілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстанның туы көтерілді

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстанның туы көтерілді

Бүгін, 21 қазан күні Қытайда, Ханчжоу қаласында қазақстандық спорт командасының Азия пара ойындарына ресми келуін бейнелейтін Қазақстан туын көтеру салтанатты рәсімі өтті. 

— Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарына аман-есен жетті. Біздің спортшылар біліктіліктерін сәтті аяқтап, өздерінің спорттық санаттарын растады. Паралимпиадалық спортта спортшының біліктілігі барлық қатысушылар үшін әділ бәсекелестік қамтамасыз ететін маңызды рөл атқарады. Енді бізді бағалы медальдар үшін қызу күрес күтіп тұр, бізде лайықты қарсыластар бар. Бұл Азия ойындарына спорттың 14 түрінен 131 спортшы қатысуда, бұл Азия ойындары тарихындағы Қазақстан қатысушыларының рекордтық санын білдіреді. Алдыңғы ойындарға 9 спорт түрінен 94 спортшы қатысты. Биыл бұдан да көп медаль әкелеміз деп сенеміз», — деді ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы, пара пауэрлифтингтен әлем және Азия чемпионы Давид Дегтярев осы салтанатты сәтте өз эмоциясын білдірді:

– Бүгін Қазақстанның туын көтеруіміз Азия ойындарына қатысатынымызды растайды. Туымыздың өзге елде желбірегенін көрудің өзі үлкен бақыт. Біз оның әрқашан жоғарыдан көрінуі үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, IV Азия Пара ойындарына Азияның 43 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып, спорттың 22 түрінен бақ сынасады. Құрлық жарыстары 2023 жылдың 22-28 қазаны аралығында өтеді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
96
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.