Now Reading
Астананың елді мекендерінде Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астананың елді мекендерінде Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астананың елді мекендерінде Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Биыл Республика күнін мерекелеу аясында елордада 200-ден астам мәдени-ағартушылық, спорттық және қоғамдық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Концерттер тек қаланың орталық алаңдарында ғана емес, сонымен қатар қаланың бес ауданының елді мекендерінде де өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Алдағы іс-шараларға мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрікті жерлерге экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттерін тарату және т.б. кіреді.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын аудандарда, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда жоспарланған.

Сонымен бұл күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қаланың бес ауданындағы елді мекендерде мерекелік концерттер өтеді:

Сарыарқа ауданы — Көктал -2 тұрғын алабы (Қорғалжын алаңы) сағат 12.00;

Байқоңыр ауданы — Өндіріс тұрғын алабында сағат 12:00;

Алматы ауданы — Интернациональный тұрғын алабы (Мекере көшесі 2/1) сағат 12.00;

Есіл ауданы – Пригородный тұрғын алабында сағат 12.00;

Нұра ауданы — Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Айтматова алаңы) сағат 12:00.

Естеріңізге сала кетейік, Республика күнін мерекелеу қарсаңында елордалықтар «Менің елім – менің туым!» бұқаралық челленджін бастаған болатын. Осылайша Астананың бес ауданында 1000-нан астам жалау терезелер мен балкондарға және көше бойларына ілінген.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...