Now Reading
Қазақстандық спортшы Азия паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық спортшы Азия паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Азия паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды

Давид Дегтярев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды әкелді.

54 келіге дейінгі салмақтағы пауэрлифтингші Азия ойындарында жалпы есепте 186 келі салмақта рекорд орнатып, алтынға қол жеткізді.

Сондай-ақ пауэрлифтингтен 41 келі салмақта сынға түскен Тұрсынай Қабыл күміс жүлдегер атанды.

Бірінші орын Қытайдан келген спортшыға бұйырды.

Бұған дейін қазақстандық параспортшы Бибарыс Спатай параканоэда екінші орын алған болатын, оның нәтижесі 43,601 секунд болды.

Ал Максим Богатырев параканоэде 58,479 секунд нәтиже көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Қазақстандық Жаңыл Балтабаева VL3 200 метрге жеке бағдарламада каноэмен есуде үшінші орын алды.

Алғашқы екі орынды Өзбекстан мен Қытайдың параспортшылары иеленді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...