Now Reading
Қазақстанның әлеуметтік қорғау инспекторлары: Қандай салаларға мониторинг жүргізілді?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның әлеуметтік қорғау инспекторлары: Қандай салаларға мониторинг жүргізілді?

Қазақстанның әлеуметтік қорғау инспекторлары: Қандай салаларға мониторинг жүргізілді?

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарын құқықтарын қорғау мақсатында 630-дан астам тексеру жүргізді.

2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, оның құзыретіне мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру енеді. Осы кезең аралығында әлеуметтік инспекторлар 639 тексеру жүргізді, оның 292-і профилактикалық бақылау аясында, 347-сі жоспардан тыс тексеру.

Мемлекеттік бақылау келесілерді қамтиды:

— 174 мектеп, колледж, балабақша,

— 115 жергілікті атқарушы органдардың облыстық және аудандық бөлімдері,

— 76 бөлімдер мен жұмыспен қамту бөлімдері, 24 дүкен,

— 22 сауда орталығы,

— 45 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;

— 70 емханалар, ауруханалар, дәріханалар,

— 5 халыққа қызмет көрсету орталығы,

— 2 банк,

— 4 Қазпошта филиалдары,

— 4 ЖШС,

— 4 спорт ұйымы,

— 12 санаторий,

— 5 кафе,

— 2 шаштараз және т.б.

Осылайша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қаласы тұрғынының (1-топтағы мүгедектігі бар) өтініші негізінде  шипажайлардың қолжетімділігін анықтау мақсатында жоспардан тыс «Grand LES Sanatorium» ЖШС, «Арман санаторийі» ЖШС, мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Нұр-Асыл» шипажайларына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, әкімшілік шаралар қолданылды.

«Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қызметіне жүргізілген профилактикалық мониторинг барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға орындаудың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 9 айында 1268 тексеру жүргізіп 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 875 ұйғарым шығарылғанын және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтеміз.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×