Now Reading
Ақтөбе облысының тұрғыны тігін цех ашып мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбе облысының тұрғыны тігін цех ашып мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алды

Ақтөбе облысының тұрғыны тігін цех ашып мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алды

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының тұрғыны Жанша Ерекешева мүгедектік кез келген жоспарды жүзеге асыруға кедергі емес екеніне сенімді. Жанша Ерекешева шағын тігін цехын ашып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа алды.

Жанша Ерекешеваға тігіншілікті бала кезінде әжесі үйреткен. Ал көп жылдардан кейін бұл дағды өмірде өте пайдалы болды. Жарақатынан кейін Жанша Ерекешева мүгедектік алған. Содан кейін ол үйде тігін тігуді шешеді. Ол анасынан мұраға қалған ескі машинкасында жұмыс істей бастады.

Жанша Ерекешева, кәсіпкер:

— Бұл станок машинка мен үшін өте қымбат. Ол ескі, бірақ жағдайы жақсы. Жарық болмай қалса, онымен жұмыс істей беруге болады. Шебер келінге арналған жасау, бас киімдер, кәдесыйлар жасайды. Жылдар өткен сайын тапсырыстар көбейе берді, сондықтан шағын цех ашу идеясы пайда болды. Қазір бірнеше тігінші тәжірибе жинақтап жатыр. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылданғандар да бар.

Несібелі Қожықова, тігінші:

— Мен бұл орталыққа тігіндң тереңірек меңгеру үшін келдім. Мен қыркүйек айынан бері осында жұмыс істеймін. Мен қазірдің өзінде көп нәрсені жасай аламын, үлгілерді қиып, қаптамаларды, жұмсақ шарларды тіге аламын. Цех мүгедектігі бар тұлғалар қоғамының ғимаратында орналасқан. Ал Жанша Ерекешева тігіншіліктен бөлек, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді. Шәкірттерінің бірі жеке шағын кәсібін ашып үлгерді.

Жанша Ерекешева, кәсіпкер:

– Мүгедектікке көніп, өз өміріңізді жалғастыру өте қиын. Мен мұны өзім бастан өткердім. Сондықтан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектескім келеді, тігуді үйреткім келеді. Оларға ақша табуға мүмкіндік бергім келеді. Мүгедектігі бар азаматтар арасында кәсіпкерлер көп болса екен деймін. Қосымша техника сатып алу жоспарда бар. Бұл тағы бірнеше адамды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×