Now Reading
Кәсіптерін енді бастап жатқан мүгедектігі бар кәсіпкерлер армандарын жүзеге асыруда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Кәсіптерін енді бастап жатқан мүгедектігі бар кәсіпкерлер армандарын жүзеге асыруда

Кәсіптерін енді бастап жатқан мүгедектігі бар кәсіпкерлер армандарын жүзеге асыруда

Нұра ауданында 20 ниет білдірген кәсіпкер өз ісін ашып, дамытуға грант алды. Оның жетеуі – мүгедектігі бар жандар.

Диана Ахметова өзінің арманын орындады – ол Ахмет ауылында сұлулық салонын ашты. Қыздың есту қабілеті бұзылған. Бірақ ол шаштараз, визажист, кірпік өсіру және шугаринг мамандығын сәтті игерген және осы уақытқа дейін клиенттерін үйде қабылдаған. Ал «Бастау Бизнес» курсын аяқтаған соң грантқа өтініш білдіріп, сұлулық студиясын ашуды жөн көрген.

Мен 2018 жылдан бері сұлулық индустриясындамын. Бастапқыда мен «Салон Мастер» макияж курсынан өттім. Содан кейін кірпік өсіруді, шугарингті, шаш қиюды үйрендім. Содан «Бастау Бизнес» курсын оқып, өз бетімше бизнес-жоспар құрастырып, 950 мың теңге грантқа ие болдым. Бұл қаражатқа салонға құрал-жабдық сатып алдым. Мен Ахмет кентіндегі сауда орталығынан үй-жай жалдап салон аштым. Қазір 20-ға жуық тұрақты клиентім бар. Мен олардың әдемі және сенімді болуына көмектесемін, — дейді Диана Ахметова.

Қарой ауылының 48 жастағы бесаспап шебері Дос Төлегенов автокөлік жөндеу шеберханасын дамытуға 1,3 миллион теңге грант алған. Ұзақ уақыт ДЦП дертіне шалдыққан азамат үлкен ұлы Нұрасыл екеуі электр құрылғыларын, теледидарларды жөндеп, шағын бөлмеде жұмыс істеген.

Кәсіпкер биылғы жылы көрсетілетін қызмет түрін кеңейтуді ұйғарып, үйінің жанынан көлік жөндеу шеберханасын жабдықтаған.

«Жақсы автоэлектриктер өте аз. Мен өмір бойы осы салада жұмыс істеп келемін, әртүрлі құрылғылар мен қондырғыларды жөндедім, көлік иелері жиі хабарласады, сондықтан мен автоэлектрик қызметін көрсетуді шештім. Үш көлікке арналған гаражым бар, алдағы уақытта бес адамды субсидияланған жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмын. Қазір ұлым маған көмектесуде, ол колледжде автоэлектрик мамандығы бойынша оқиды. Грант маған көп көмектесті, көлік ақауларын диагностикалау үшін қымбат тұратын жабдық сатып алдым. Болашақта автомобиль көтергішін алғым келеді» — дейді Дос Төлегенов.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер Нұра ауданында сиыр мен ешкі сүтін қабылдайтын және өңдейтін цех, тігін цехы, құс өсіретін шағын фермалар ашты.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...