Now Reading
Астанада әлеуметтік осал отбасыларға өнімдер тарату қайырымдылық акциясы өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада әлеуметтік осал отбасыларға өнімдер тарату қайырымдылық акциясы өтті

Астанада әлеуметтік осал отбасыларға өнімдер тарату қайырымдылық акциясы өтті

Бұл күндері астаналықтардың 5 мың отбасына қала билігі мен демеушілер тарапынан азық-түлік пакеттері таратылуда. Еріктілер 45 тонна азық-түлік таратты. Жинақтар көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, сондай-ақ ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жіберіледі.

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде еріктілердің жұмысы қызу. Таңертеңнен бастап қоймалардан қорап-қорап жинайды. Олардың әрқайсысы мекен-жай бойынша жеткізілуі тиіс. Әкімдік кәсіпкерлер қауымының қайырымдылыққа көбірек тартылып жатқанын атап өтеді. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері кәсіпкерлердің қаржылық қолдауымен 15 әлеуметтік іс-шара жүзеге асырылған.

Қуаныш Молдабек, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі:

— Жыл басында біз, қала әкімдігі Qazaq Oil компаниясымен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету туралы бірлескен меморандумға қол қойдық. Жыл басынан бері 4 мың отбасы қамтылды. Жаңа жыл қарсаңында бүгін 1 мың отбасына да ең қажетті тауарлар мен азық-түлік пакеттері беріледі. Бір қорап шамамен 45 келі, барлығы 45 тонна азық-түлік қала бойынша еріктілердің көмегімен таратылады.

Ақмарал Бағдай жұбайымен бірге 2 қыз тәрбиелеп отыр, үлкенінде – денсаулық мүмкіндігі шектеулі. Елордаға 2 жыл бұрын Алматыдан көшіп келген отбасы бүгінде баспананы жалға алып отыр. Ақмарал тұрғын үй бағдарламасының шарттарын түсіндіру үшін кеңеске шақырылды.

Ақмарал Бағадай, Астана қаласының тұрғыны:

— Мереке қарсаңында олар бізге осындай сыйлық әкелді, мен өте қуаныштымын және ризамын. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, барша қазақстандықтарға үйлеріне жылулық пен жайлылық, денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Биылдың өзінде 50 мың отбасына қала басшылығы тарапынан көмек көрсетілсе, мереке қарсаңында 40 мың бала ойын-сауық пен сыйлықтармен ертеңгілікке шақырылуда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...