Now Reading
Осы аптада Астанада қандай іс-шараларға қатысуға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Осы аптада Астанада қандай іс-шараларға қатысуға болады

Осы аптада Астанада қандай іс-шараларға қатысуға болады

Апта бойы елордалық театрлар өз репертуарындағы барлық талғамға және жасқа арналған ең жақсы қойылымдарды көрсетеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары концерттерді тамашалай алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

23 қаңтар күні сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Үнсіздік» спектаклі көрсетіледі.

Сонымен қатар келесі күні кешке «Астана Операда» «Біржан – Сара» операсын тамашалауға болады.

 

24 қаңтар күні кешкі сағат жетіде «Жастар» театры «Ғашықтар» спектакліне шақырады. Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры көрерменге «Келіндер көтерілісі» қойылымын, ал Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Кешкі 7» концерт-спектаклін ұсынады.

 

Музыкалық жас көрермен театрында болатын «Қоштасқым келмейді…» қойылымын бір күннен кейін көре аласыздар.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 24 қаңтар күні «В тени виноградника» мелодрамасы, ал келесі күні Гогольдің «Женитьба» қойылымы өтеді.

25 қаңтар күні сағат 11:00-де «Жастар» театрында жас көрермендер үшін «Ірімшік құмар тышқандар» ертегісін, Қ.Қуанышбаев театрында «Кеш» драмасын тамашалауға болады.

 

Сағат 19:00-де «Астана Опера» сахнасында «Con anima» концерті ұйымдастырылады.

26 қаңтар күні сағат 14:00 және 16:00-де Қуыршақ театры «Как появилось эхо» ертегісін көрсетеді. Сол күні сағат 18:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «Астана кеші көңілді» концертін өтеді. Кешкі сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына М.Горький атындағы орыс драма театры «Гоголь. Санкт-Петербург», «Астана балеті» «Золушка» балетін, Қуанышбаев атынағы қазақ театры «Патша көңілілім, не дейсің?!», «Жастар» театры «Шырақ» қойылымдарын ұсынады.

Сенбі, 27 қаңтар күні түстен кейін сағат 11:00-де Горький атындағы театр «Коза – Дереза», ал 18:00-де «Конец лета» спектакльдеріне шақырады. Қуыршақ театры сағат 12:00 және 16:00-де «Как появилось эхо» ертегісін көрсетеді (27 және 28 қаңтар).

Сағат 17:00-де «Астана Операда» «Бетховен – Бессмертие – Любовь» балетіне баруға болады (27 және 28 қаңтар). Сонымен қатар елордалық филармония қазақстандық флейташы Қайролла Жұмакеновты еске алуға арналған «VIVAT MAESTRO» концертіне шақырады.

 

«Астана балетінде» сағат 18:00-де «Золушка», Мәмбетов атындағы театрда «В главной роли…», ал Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Құнанбай» драмасы көрсетіледі.

27 және 28 қаңтар күндері сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театры «Мадмуазель Нитуш» спектакліне шақырады. Осы уақытта «Жастар» сарайының сахнасында композитор Арно Бабаджанянның шығармашылығына арналған «Благодарю тебя…» концерті өтеді.

 

«Жастар» театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты театрландырылған концерттік бағдарлама дайындалуда.

Сағат 19:30-да QAZAQSTAN ОКЗ-да екі кеш бойы көрермен «Алдар Көсе» мюзикліне бара алады.

28 қаңтар күні сағат 11:00-де Горький атындағы театрда «Снежная кололева», ал сағат 18:00-де «Примадонны» спектакльдері өтеді. Осы уақытта Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Ұйықым келмейді» спектаклі ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×