Now Reading
Атырау облысындағы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырау облысындағы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары

Атырау облысындағы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Бияхметов Атырау облысына жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен және қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының орындалу барысы және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанкулов, облыстық басқарма мен аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар және басқа да белсенді азаматтар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 40 адамнан асты.

Кездесуді аша отырып, Асқар Бияхметов министрліктің негізгі жұмыс бағыттары мен түрлі санаттағы азаматтарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы жан-жақты баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2023 жылдан бастап базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру басталды. 2025 жылы оның ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на, ал ең жоғарғысы 110%-на дейін жеткізілді. Сондай-ақ 2023 жылы ынтымақты зейнетақыны есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Жалпы 2024 жылы еліміз бойынша зейнетақы төлемдеріне 3 трлн 752 млрд теңге бағытталса, оның 98,1 млрд теңгесі Атырау облысына тиесілі.

Вице-министр бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау көп деңгейлі әлеуметтік көмек жүйесі арқылы жүзеге асырылатынын, бұл жүйе тууды ынталандыруға, бала тәрбиелеуге жағдай жасауға, көпбалалы аналардың мәртебесі мен беделін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 5,9 мың адамға бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы ретінде 1,1 млрд теңге, 4,9 мың жұмыс істемейтін әйелге бала күтімі бойынша жәрдемақы ретінде 730 млн теңге, 4,5 мың адамға мүгедектігі бар баланы тәрбиелегені үшін жәрдемақы ретінде 1,7 млрд теңге төленді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босануға байланысты 4129 адамға 5,5 млрд теңге, бала күтіміне байланысты 21,6 мың адамға 7,5 млрд теңге төленді», – деді Асқар Бияхметов.

Облыста 4 және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар 29,4 мың көпбалалы отбасы бар, бұл – елдегі көпбалалы отбасылардың 4,8%-ын құрайды. 2025 жылдың алғашқы алты айында оларға 10 млрд 628 млн теңге төленді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» құрметті атағы бар аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Облыста 10,7 мың ана осы жәрдемақыны алып отыр, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Атырау облысында атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 828 отбасы немесе 4,9 мың адам алды.

АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін қосымша төлем енгізілді. Биылғы 5 айда бұл төлеммен өңірде 700 отбасындағы 1346 бала қамтылды, жалпы сома – шамамен 34,6 млн теңге.

Асқар Бияхметов өз сөзінде мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау мәселесіне ерекше тоқталды.

Қазіргі таңда елімізде 737 мыңнан астам адам мүгедектік мәртебесіне ие, бұл халықтың 3,6%-ын құрайды. Атырау облысында мүгедектігі 26,3 мыңнан астам адамда белгіленген, олардың 55,6%-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 26,7%-ы – зейнеткерлік жастағылар, 17,7%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар.

Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясын, оған қосымша факультативтік хаттаманы және Марракеш келісімін ратификациялау аясында бірқатар міндеттемелерді қабылдады. 2025–2030 жылдарға арналған Инклюзивтік саясат тұжырымдамасын іске асыру басталды. Бұл құжат мүгедектікке қатысты дәстүрлі және медициналық көзқарастан әлеуметтік-құқықтық модельге көшуге бағытталған.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Атырау облысында Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін сатып алу бойынша 8,2 мың іс-шара іске асырылды.

«Қолжетімді орта құру – маңызды бағыттардың бірі. «AMANAT» партиясының Жол картасы аясында 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Атырау облысында 1001 нысан бейімделді. Алайда қолжетімділік мәселесі әлі де өзекті, бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деп атап өтті вице-министр.

2024 жылы арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсету жүйесін жаңғырту басталды. Орталықтардың қызметін цифрландыру барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етті.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсету сапасын арттыру үшін бұл қызметті лицензиялау енгізілді. Атырау облысында 27 лицензия берілді.

Сондай-ақ биылғы жылдан бастап адам басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілуде, бұл кезде әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемі қызмет алушының жеке қажеттіліктеріне қарай айқындалады. Бұл жаңа шаралар халыққа көрсетілетін АӘҚ сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмысқа орналастыруды қолдау шеңберінде 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 7,4 мың адам жұмыспен қамтылды. Кәсіптік оқумен 1825 адам қамтылса, кәсіпкерлік негіздеріне 1138 адам оқытылды. Биыл өңірде 1 млн 572 мың теңге көлеміндегі 251 өтеусіз грант беру жоспарланған.

«Министрлік халықты жұмыспен қамту саласында ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Пайдалы сервистер тек еңбекке қабілетті азаматтар мен жұмыс берушілерге ғана емес, сонымен қатар еңбек жолын енді бастаған жастарға да арналған.

Мысалы, студенттер Enbek.kz порталы арқылы кәсіби тәжірибеден өту орны мен жұмыс таба алады. Бұл платформа іздеуден бастап онлайн ресімдеуге дейінгі барлық процесті қамтиды.

Ал болашақ мамандығын енді ғана таңдап жүрген жоғары сынып оқушыларына арналған «Мансап компасы» платформасы жұмыс істейді. Бұл платформа сұранысқа ие мамандықтар, ТжКБ мен ЖОО-ға түсу талаптары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, болашақ мамандықтың перспективаларын бағалауға, тағылымдамадан өту мен болашақ жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді», – деді вице-министр.

Кездесу соңында Асқар Бияхметов қатысушылар қойған барлық сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап берді. 

Кейін ол азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×