Now Reading
Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған тегін өзін-өзі қорғау курстары ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған тегін өзін-өзі қорғау курстары ашылды

Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған тегін өзін-өзі қорғау курстары ашылды

Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар, сонымен қатар аз қамтылған отбасы балалары мен қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер де курстарға қатыса алады.

 

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер Астанада өзін-өзі қорғау курстарынан тегін оқи алады, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Департамент Tore team әлеуметтік спорт клубымен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

 

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар, сондай-ақ аз қамтылған отбасы балалары мен қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер көрсетілетін қызметті тегін ала алады», — делінген хабарламада.

 

Өтініш бергендерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, өзін-өзі қорғау және жекпе-жек әдістері үйретілетіні атап өтілді.

 

«Бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қабылдамау мәдениетін орнықтыра отырып, бұл әлеуметтік құбылысты жоя аламыз. Меморандумға қол қою арқылы біз бірлескен жұмыстың негізін қалаймыз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», — деді полиция полковнигі Арман Айтмағамбетов.

 

Tore team әлеуметтік спорт клубы орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Соқпақбаев көшесі, 6. Байланыс телефоны: 8 (708) 717-29-24. ПД курстарға жазылудың қажеті жоқ, бірден клубқа келуге болатынын атап өтті. Сабақтар әр жексенбіде сағат 10.00-де өтеді.

 

Полицияның хабарлауынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануының алдын алу мақсатында 2024 жылдың қаңтарында сот бұзақыларға қатысты 717 әкімшілік іс қараған. 946 қорғаныс ұйғарымы шығарылды, құқық бұзушының мінез-құлқына 76 ерекше талап қойылды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...