Now Reading
Тәрбие және оқыту: ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында 77 мың жаңа орын ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тәрбие және оқыту: ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында 77 мың жаңа орын ашылады

Тәрбие және оқыту: ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында 77 мың жаңа орын ашылады

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды енгізудің кезеңдік жоспары әзірленіп, бекітілді.

 

Биылдың өзінде балабақшаларда 77 мыңнан астам орын ашу жоспарлануда.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаменті директорының айтуынша, 2024 жылдың үш айында 8849 орынға 125 мектепке дейінгі ұйым ашылған.

 

«Жаңа орындарды ашу жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы және тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен жоспарлануда. Мәселен, соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есе төмендеді. Бүгінгі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту 91% құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5% — ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Манара Адамова.

 

Сонымен қатар, балабақшалардағы орындарды бөлу үдерісінің ашықтығы үшін Бірыңғай басымдықты есепке алу базасы құрылды. Өтінім берудің бірнеше жолы әзірленді: электронды үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың платформалары. Бұл жоба қазір еліміздің төрт облысында пилоттық режимде жүзеге асырылуда.

 

Республика бойынша барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 472 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...