Now Reading
Астанада Қазақстан мен Бразилия пара волейболшылары арасында жолдастық кездесу өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Қазақстан мен Бразилия пара волейболшылары арасында жолдастық кездесу өтті

Астанада Қазақстан мен Бразилия пара волейболшылары арасында жолдастық кездесу өтті

Астанада Қазақстан мен Бразилия пара волейболшылары арасында жолдастық кездесу өтті

Көп жылдан кейін Париж Паралимпиадасына жолдаманы жеңіп алған Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы Астанада Бразилия құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

2023 жылы елордада өткен Паралимпиадалық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алған Қазақстан құрамасы дайындықты жалғастыруда.

 

Осыған орай жерлестеріміз осы спорт түрін кеңінен насихаттау мақсатында «Хан Шатыр» сауда орталығында Бразилия құрамасымен кездесу өткізіп, 3:1 (25:20, 16:25, 25:21, 25: 20) есебімен жеңіске жетті.

 

«Қазақстан мен Бразилия мемлекеттері арасындағы байланыстардың артып келе жатқанына қуаныштымын. Екі елдің де үлкен спорттық жетістіктері бар. Бүгін жақсы ойын болды, Қазақстан мен Бразилия Париж Паралимпиада ойындарына жолдама алды», — деді Бразилияның Қазақстандағы елшісі Антонио Барбоза.

 

Пара волейболдан Қазақстан құрамасы соңғы рет 1996 жылы Атлантада өткен Паралимпиада ойындарында өнер көрсетті.

 

«28 жылдан кейін Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алған біздің жігіттер басты жарысқа қызу дайындалуда. Өткен айда АҚШ-қа барып жақсы дайындалдық. Қазір біздің шақыруымызды қабыл алған Бразилиямен қарым-қатынаста өте жақсы тәжірибеміз бар. Бұл құрама Рио мен Токиода өткен Паралимпиада ойындарында төрттіктің қатарында болды. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 2-ші орында. Мықты ойыншымен ойнағанда ғана қателігіңді көріп, күшейесің. Сондықтан бүгінгі кездесу өте пайдалы болды деп ойлаймын», — деді ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов.

 

Ойынмен ғана шектелмей, Оңтүстік Америка құрамасы 26 мамырға дейін жерлестерімізбен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×