Қайрат Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды
Олигарх Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды.
«Достар, мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым», — деп жазды Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл олигархтың 2016 жылы өзі басқарған комитет басшысы болып екінші рет қайта сайлануы. Бірінші қайта сайлау 2020 жылдың ақпан айында өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Боранбаев 2023 жылы 31 наурызда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. 14 қыркүйекте қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың 120 миллиард теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарғанын 15 қыркүйекте кәсіпкердің бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылғанын хабарлады. 14 қазанда Боранбаевқа қатысы бар Маңғыстау облысындағы Phystech II АҚ мұнай компаниясының 100% акциясы мемлекетке берілгенін хабарлады.
22 мамырда Боранбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған болатын.