Now Reading
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 65 мыңнан астам тапсырыс берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 65 мыңнан астам тапсырыс берді

2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 65 мыңнан астам тапсырыс берді

2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 65 мыңнан астам тапсырыс берді

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен өткен жылдың маусым айындағы жағдай бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдарға такси қызметін көрсетуде такси агрегаторларын пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 1-ші маусымдағы жағдай бойынша бұл қызмет Астана мен Алматы қалаларында 65 мың рет алынған.

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 53,9 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.

 

Бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, инватакси қызметін көрсетудің сапасы мен жылдамдығын арттыру мақсатында оның тетігін өзгерту туралы шешім қабылдады, өйткені қолданыстағы нормалар бойынша бірқатар жағдайлар бар. Мысалы, азаматтар қызметті алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылулары керек, бұл оларды сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватаксидің келуін күтуге мәжбүрлейді, инватакси қызметін көрсету үшін көліктер жетіспейді және т.б. мәселелер бар.

 

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.

 

Маңызды шарт — әдетте агрегаторлық платформалардың пайдасына шегерілетін жол жүру төлемдері бойынша пайыздардың болмауы болды. Яндекс пилоттық жобаға тегін қатысуға ниет білдірді.

 

Пилоттық бағдарлама аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси аясында жеңіл автокөліктермен сапарларға тапсырыс бере алады. Бұл қызмет алушы үшін автокөлікті жылдам таңдауға, тапсырыстың күйін онлайн бақылауға және аяқталған сапарларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше тілектер туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.

 

Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады.

 

Жоба 2024 жылы да жалғасады, болашақта жаңа форматта қызмет көрсетуді мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына кеңейту және елдің барлық өңірлерінде кеңінен қолдану жоспарлануда.

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×