Now Reading
«JOLTAP» жобасы: елордада жаңа мамандық игерген 10 адам өз кофеханасын ашты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «JOLTAP» жобасы: елордада жаңа мамандық игерген 10 адам өз кофеханасын ашты

«JOLTAP» жобасы: елордада жаңа мамандық игерген 10 адам өз кофеханасын ашты

Елордада жұмыссыз қала тұрғындарының жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «JOLTAP» жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен бүгінгі күннің заманауи мамандығы баристаны да жоба арқылы тегін оқуға болады. Бұл мамандықты таңдаған жандар иісі аңқып, дәмі тіл үйіретін кофе жасауды үйренеді. Ал нарықта бұл мамандыққа қызығушы адамдар көп. «JOLTAP» жобасының оқытушысы Тұрар Ілиястың сөзінше, әлеуметтік жоба арқылы осы уақытқа дейін «Бариста» курсын 500-ден астам елордалық тәмамдаған.

«Былтыр елордада «Үздік бариста» жарысы өтті. Сол кезде «JOLTAP» жобасы туралы естідім. Кейін жоба ұйымдастырушыларынан курсқа оқытушы болуға өтініш түсті. Жалпы оған дейін шеф-бариста болып жұмыс істеп жүріп 100-ден аса адамға кофе жасауды үйреткен едім. Осылайша 5 күндік бариста оқуын бастап кеттік. Бүгінде бұл курсты 500-ден астам студент тәмамдады. Бір топта 10 адам болады. Аптасына 20-30 студент бариста курсын меңгеріп шығады»,- дейді курс оқытушысы.

Тұрар Ілияс бұл салада 10 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі бариста. Ол алғаш рет кофе жасауды 17 жасында меңгерген. Бүгінде қала бойынша өз кофеханасын ашып, бұл мамандық арқылы табыс табуға болатынын дәлелдеп жүр.

«Маған кофе дайындау қатты ұнайды, әсіресе дайын кофе үстіне сурет салу қызықтырады. Осы мамандық бойынша түрлі жарыстарға қатысып, еліміздің өзге қалаларында жұмыс істегенмін. Бүгінде өзімнің кофеханамды аштым, қала бойынша 3 жерде орналасқан. Осы кәсібімнен бөлек, «JOLTAP» жобасы бойынша болашақ баристаларды оқытып жүрмін»,- дейді ол.

Оның сөзінше, «Бариста» курсына келушілердің 70 пайызы — қыздар, ал жалпы студенттердің 10 пайызы өз кофеханасын ашуды қалайды.

«Жалпы курс бес күнге созылады. Бір күні тек теория оқытылады, яғни кофе дәндерімен танысу, оның тарихын білу, заманауи кофе сусындарымен танысу сабағы өтеді. Екінші күннен бастап студенттеріміз тәжірибе бойынша жұмыс істейді. Яғни кофе жасау ғана емес, оны безендіру әдістері туралы айтылады. Студенттер курс барысында американо, капучино және латте дайындайды. Сонымен қатар кофеге қосатын қосымша қоспалар туралы айтылып, кофемашинамен жұмыс істеу және оны тазалау әдістері көрсетіледі», — дейді Тұрар Ілияс.

Бүгінде әлеуметтік жоба аясында 300-ге жуық бариста жұмысқа орналасқан. Тәжірибелі баристаның сөзінше, бұл салада жұмыс істейтін адам кофені жақсы көруі керек.

«Баристалар жұмысқа орналасқанда алдымен сынақ мерзімінен өтеді. Ал одан кейін жұмыста жақсы нәтиже көрсетіп жатса, орта есеппен айына 250-300 мыңға дейін ақша табады. Кофе дайындағанда ең бастысы ниет болу керек. Баристаның кофені жақсы көруі маңызды деп ойлаймын. Өйткені жаңа дәндерді көріп, өзі дайындаған сусынның қаншалықты дәмді шығатынын білуі керек. Бұл мамандық әрқашанда білім алуды қажет етеді. Себебі кофе дайындау тенденциясы әр ай сайын өзгереді. Жаңа кофе дәндері шығады. Тіпті бүгінде тәжірибелі баристалар да оқуға барып, өз білімдерін жетілдіріп жүр. Мәселен менің студенттерімнің ішінде 10 адам өз кофеханасын ашты, ал жалпы осы уақытқа дейін 300-ге жуық студент жұмысқа орналасты», — дейді тәжірибелі бариста.

Әңгімелесу барысында 27 жастағы Тұрар бастапқыда «JOLTAP» жобасы туралы естіген кезде қатты таң қалғанын жасырмады.

«JOLTAP» жобасы туралы алғаш естіген кезде қатты таң қалдым. «Қалай тегін кәсіптік білім алады?» деп ойладым. Кейін бұл мүмкін екен деген ой түйдім. Бұл жоба жұмыссыз жандарға керемет мүмкіндік береді. Тек «Бариста» курсы ғана емес, қазіргі замануи «SMM», «Мобилография» курстары ашылып, тегін оқытылып жатыр. Әлі де жоба туралы білмейтін, естіген кезде таң қалып жататын адамдар бары жасырын емес. Сондықтан да қаламызда жұмыссыз жүрген жандар оқыту орталықтарына барып, жаңа мамандық меңгерсе дейміз»,- дейді Тұрар Ілияс.

Айта кетейік, «JOLTAP» жобасы бойынша оқыту бағдарламалары мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін барынша қысқа мерзімде нақты дағдыларды меңгеруге бағытталған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
95
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Сабина Раон
May 22 2024 / 3:23 am
Здравствуйте. Программа Арендное жилье для молодежи в Алматы прошла в декабре, нам до сих пор не выдали квартиры и даже не опубликовали список прошедших по конкурсу . Кормят завтраками, нас 48 человек, готовы написать письмо в органы. Почему такое отношение к нам ?
Юлия Бекжанова
Jun 19 2024 / 7:56 pm
Моей матери, Кожановской Надежде Васильевне, 16.06.1963 г.р., пришло уведомление о назначении государственной базовой пенсионной выплаты, сумма 31688 тенге, но хотелось бы уточнить, что она с 1995 года инвалид 2 группы, а с 1999 года инвалид 2 группы бессрочно. В стаж для назначения базовой пенсии засчитали только года до назначения инвалидности это 14 лет, хотя должны были засчитать периоды получения соцвыплаты и освобождения от уплаты ОПВ, ОППВ. Так как в 2021 году приняли закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан». Данный закон разработан в рамках исполнения Национального плана по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью до 2025 года в целях совершенствования законодательства по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан, включая такие категории, как лица с инвалидностью. Так, вводились поправки в Закон РК «О пенсионном обеспечении в РК», которыми определено, что в стаж участия в пенсионной системе при предоставлении государственной базовой пенсионной выплаты засчитывается, в том числе период нахождения на инвалидности 2 группы бессрочно. Прошу дать разъяснение по этому поводу.
Оля Галкина
Jul 13 2024 / 10:16 am
Подскажите есть ли в г. Самаре фирмы которые могут помочь человеку с инвалидностью оборудовать ванную комнату?
Галина Чумакова
Oct 10 2024 / 7:49 am
на таможне россии и казахстана с автобуса можно запросить инвалидную коляску для прохождения таможни
Olga Borisowa
Nov 26 2024 / 6:12 pm
Пожалуйста помогите ради Аллаха 50000
Владимир Чурилов
Jan 04 / 9:44 am
Здравствуйте, меня зовут Владимир, я инвалид 2-й группы, хотел бы проконсультироваться у вас. В квартире до приватизации были прописаны три человека: тёща, моя жена и наша дочь, и во время приватизации в том же составе были прописаны, а когда приватизировали квартиру, оказалось, что дочь не участвовала в приватизации. Дочь на тот момент была несовершеннолетняя, я знаю, что несовершеннолетний ребёнок не может отказаться от приватизации, участвует в приватизации в любом случае, и за ним доля сохраняется всегда, а здесь, я думаю, оказали давление на тёщу и мою жену родственники жены для того, чтобы были только две половины и чтобы тёща им оставила вторую половину квартиры. Квартира состоит из трёх комнат, тёща давно умерла, а квартира не переоформлялась в течение 5-ти лет, да и сейчас неизвестно, оформили что-то или нет, потому что до сих пор на тёщу оформлены интернет, телевизор и телефон. Племянница с мужем сейчас вынудили мою дочь с двумя детьми и мужем уйти из квартиры и заняли две комнаты из трёх и живут припеваючи, а дочь снимает квартиру за 120 тысяч. Спрашиваю жену, почему позволила, чтоб дочь ушла из квартиры, она мне отвечает однозначно: сейчас повешусь или отравлюсь. Я, естественно, этого боюсь, я люблю свою жену, свою дочь, мы живем с 90-го года, я не мог повлиять на эту ситуацию после ампутации ноги, у меня была депрессия, и документы все попрятали так, чтобы я не смог их найти, жена тоже припёрла под горло, но сейчас я хорошо разбираюсь в компьютере, и у меня есть интернет, есть егов, если вы мне поможете, подскажете, как и куда можно обратиться, буду вам благодарен. С уважением, Владимир.
Снежана Самигулина
Jan 10 / 6:19 pm
Здравствуйте мой муж является инвалидом 2 группы почему для таких людей нету льгот в общественном транспорте в городе Кокшетау он работает содержит 3 несовершенно летних детей пособия едва хватает на хлеб с водой,где вообще у нас справедливость?
Снежана Самигулина
Jan 10 / 6:25 pm
Кто-нибудь даст мне ответ
добрый вечер что делать если молодежный практика прохот не по моей специальности и
Help to support this chat and get all time patron features.
  • Telegram synchronization
  • Chat history
  • Nickname mark
Top Patrons
Currently, there are no patrons for this chat. You could be the first one to contribute.