Now Reading
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ертаев Асқарбек Маратұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы үкіметі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтында хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ертаев Асқарбек Маратұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «НҰР» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастады. 2000-2014 жылдары банк саласында жұмыс істеген. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитетінің бас сарапшысы. 2014-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, департамент басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі. 2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының экономика бөлімінің меңгерушісі болған.

2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×