Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кіреберіс топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс құруға бағытталған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Taza Astana жобасы шеңберінде бағалау актісі бойынша МИБ/ПИК/ЖШС басшыларының өтінімі бойынша тоқсан сайын арнайы құрылған экологиялық комиссия қатысушылар үшін номинацияларды айқындайтын болады.
Аумақты тексеру үшін жобаға қатысу ерікті болып саналады.
Аумақты тексеру экологиялық комиссияның тексеру актiсiнiң сапалық көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырылады.
Барлық деректерді жүйеге енгізу жоспарлануда, қызмет көрсету сапасына сәйкестік пайызы онлайн режимде есептелетін болады.
Тексеруді бағалау актісі көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберіс топтарының (холлдарының) шекарасындағы іргелес, аулалық, кварталішілік және жалпы пайдаланатын аумақтарда жүргізіледі.
Нәтижелер негізінде «Сапалы басқарушы», «Таза аула», «Креативті мердігер», «Қауіпсіз аула», «Ыңғайлы аула», «Сенімді мердігер», «Жайлы орта», «Таза орта», «Жасыл орта номинациялары беріледі.
Комиссия сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша мердігерлер қызмет көрсететін іргелес және кварталішілік аумақтардағы тармақтарды акт бойынша белгілейді. Әрбір аумақ үшін актіде номинацияларды бағалау мен марапаттаудың өзіндік жүйесі қарастырылған. Комиссия аумағында кондоминиум нысандарын басқару органдары басшыларының өтінімдері бойынша ғана кіретін болады.