Now Reading
Қазақстан Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады: Милан Красавцева 1/4 финалға өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады: Милан Красавцева 1/4 финалға өтті

Қазақстан Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады: Милан Красавцева 1/4 финалға өтті

Қазақстандық паратаэквондошы Милана Красавцева Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының ширек финалына өтті.

 

Паралимпиада комитетінің мәліметінше, паратаэквондодан 52 келіге дейінгі салмақта (К44 класс) жеребе қорытындысы бойынша Милана Красавцева Доминикан Республикасынан келген Геральдо Диаспен іріктеу жекпе-жегінде кездесті.

 

Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтуді қамтамасыз етті.

 

Келесі кезеңде спортшымыз мексикалық Джессика Гарсиа Куиджаномен кездеседі.

 

Естеріңізге сала кетейік, 29 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде Паралимпиада ойындары өтеді, оған 4400-ге жуық спортшы қатысады. Олардың ішінде Қазақстанның 44 өкілі бар.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...