Емхана қателігінен 7 жасар мүгедектігі бар балаға қажетті көмек көрсетілмеді
Анасы материалдық шығынды өндіріп алу туралы арыз жазған.
Қызылордада сот медициналық мекеменің қателігінен баласы өзіне тиесілі күтімнен айырылған әйелдің пайдасына емханадан моральдық өтемақы ретінде 1 миллион теңге өндірілді, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
Қызылорда қаласы тұрғынының 2016 жылы туған ұлына “жедел ми қан айналымының бұзылысы, геморрагиялық түрі, супратенториальды қан кету» диагнозы қойылды. Ал қалалық емханада есепте тұрғанымен, жауапты қызметкерлер толық медициналық бақылау жүргізбеген.
«Нәтижесінде мүгедектік дәрежесін құжаттау бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияға жолдауда оның бар-жоғы көрсетілмеген, сондықтан балаға мүгедектік тобы жеті жастан кейін ғана тағайындалғаны белгілі болды жұмысшылар балаға диспансерлік бақылау жүргізбеген, емдік-сауықтыру шараларына жолдама бермеген және олар тиісті деңгейде жүргізілмеген, неврологиялық патология бойынша мамандардың бақылауы толық көлемде жүргізілмеген», — делінген хабарламада.
Аталған заң бұзушылықтарға байланысты учаскелік дәрігер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, емхана басшылығына 2016-2023 жылдар аралығындағы мүгедектігі бар балалар мен олардың тәрбиешілеріне төленетін жәрдемақыны ресімдеудегі бұзушылықтарды жою тапсырылды.
Қажетті емдеу шараларын қолданбау баланың денсаулығының нашарлауына әкеп соқты, — дейді анасы. Келтірілген моральдық шығынды өтеуді сұрап сотқа арызданған. Сондай-ақ ол емхананың қателігінен бала жеті жыл бойы шипажайда ем ала алмағанын атап өтті.
Сот тиісті медициналық көмек көрсетпегендіктен баланың жағдайы нашарлағанын анықтады, сондықтан баланың анасының пайдасына талап арызды қанағаттандырды. Моральдық шығынды өтеу ретінде емханадан 1 миллион теңге өндірілді.

0