2024 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Атап айтқанда, кохлеарлы имплантаты бар балаларға аудиологиялық қабылдаулар саны мен көмек көлемі артып, 3D технологиялары арқылы протездеу процестері жетілдірілді.
Мәселен, ұлттық ғылыми орталығы өткен жылы тұрғындармен аудиологиялық қабылдаулар санын 10 пайызға, ал медициналық-техникалық комиссиямен кеңес беруді 28 пайызға арттырған.
Азаматтардың өтініштерінің өсуіне байланысты есту-сөйлеуді оңалтуға тартылған қызметкерлер штаты кеңейтілді. Сонымен қатар, жұмыстың осы бағыты бойынша 25 маман біліктілігін арттырудан өтті.
Күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеу реабилитациясында кохлеарлық имплантациядан кейін балалармен жұмыс істеу үшін жаңа әдістемелік және оқу бағдарламалары әзірленді. Тәулік бойы бақылау жағдайында Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі кохлеарлы импланттары бар балаларға көмек деңгейі артты – Абай және Ұлытау өңірлерінің емделушілері де қамтылды. Осылайша 17 облыстан келген балаларға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ұлттық ғылыми орталығы науқастарының 80%-дан астамы көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанатындықтарын білдірді.
Сонымен қатар, ұлттық ғылыми орталығында протездік-ортопедиялық салада инновациялық технологиялар енгізілді, 3D-технологияларды пайдалана отырып протездеудің технологиялық процестері жетілдірілді.
Мемлекеттік тапсырма аясында 248 протездік-ортопедиялық бұйым шығарылды, оның 6-ы инновациялық технологиямен, 242-сі жаңа технологиямен жасалды.