Now Reading
Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қонаевтағы мекеменің жаңа ғимараты көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қонаевтағы мекеменің жаңа ғимараты көрсетіледі

Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қонаевтағы мекеменің жаңа ғимараты көрсетіледі

Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қонаевтағы мекеменің жаңа ғимараты көрсетіледі

Білім басқармасы балалар үйінің ескі ғимараты тұрған жерді сату туралы қауесетті жоққа шығарды.

Алматыдағы №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа жаңа ғимараттың тұрмыстық жағдайын тамашалауға барады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева балалар үйінде болды. Ол қызметкерлермен және тәрбиеленушілермен сөйлесті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері алдағы көшу және жұмыс қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді көтерді.

3 наурыз күні балалар жаңа ғимаратты аралап, тұрмыстық жағдаймен танысады. Сол күні олар Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездеседі.

«Біз балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне қатысты барлық мәселелерді қадағалап отырмыз. Жаңа ғимаратты қажетті құрал-жабдықтармен, көлікпен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар балалардың өмір сүруіне жайлы және қауіпсіз жағдай жасау маңызды», — деді Салтанат Беспаева.

Сонымен қатар білім басқармасы үлестес тұлғаларға жер учаскесін сату туралы желіде тараған қауесетті жоққа шығарды.

1963 жылы салынған қазіргі ғимараттың тозығы жеткендіктен 240 адамға есептелген жаңа кешен салынуда. Жаңа нысанның жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді құрайды.

«Мекемеде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы да ашылады. Кешен 900 орындық мектептің жанында орналасқан», — делінген хабарламада.

Жаңа ғимараттан Алматыға дейінгі қашықтық – 65 шақырым.

Бұған дейін желіде Алматы облыстық №1 балалар үйі Алматыдан Қонаев қаласына көшірілетіні туралы ақпарат пайда болып, оның тәрбиеленушілері мен қызметкерлері келіспеушіліктерін білдірген болатын.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×