Now Reading
Концерттер, премьералар, көрмелер: Астанада 8 наурызға орай қандай іс-шаралар өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Концерттер, премьералар, көрмелер: Астанада 8 наурызға орай қандай іс-шаралар өтеді

Концерттер, премьералар, көрмелер: Астанада 8 наурызға орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада 8 наурыз мерекесіне орай бірқатар мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

6 наурыз күні сағат 11:00-де зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада «Анамның аялы алақаны» атты әдеби кеш өтеді.

 

Бұл күні аудан әкімдіктерінде көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді.

 

Сондай-ақ бұл күні Қазақ ұлттық хореография академиясында мерекелік концерт ұйымдастыру жоспарлануда.

 

6 наурыз күні сағат 19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Ұлттық ұлан бірлесіп көрермен назарына «Әлия» қойылымын ұсынады.

 

Сол күні сағат 19:00-де «Жастар» сарайында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдерге тағзым» атты мерекелік концерт өтеді.

 

7-8 наурыз күндері Сарайшық ауданында коммуналдық қызмет мамандарына қызғалдақ гүлін тарату шарасы өтеді.

 

6-8 наурыз күндері Байқоңыр ауданының әкімі тыл еңбеккерлерін аралап, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.

 

7 наурызда қала көшелерінде елорда тұрғындарына қызғалдақ гүлін тарату шарасы ұйымдастырылады.

 

7-8 наурыз күндері сағат 10:00-18:00 аралығында «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешенінде «Ана – Өмірдің гүлі» көрмесі өтеді.

 

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 8 наурыз күні сағат 19:00-де «Келіндер көтерілісі» және 9 наурыз сағат 19:00-де «Күшік күйеу» комедияларын ұсынады.

 

Елордалық қуыршақ театры «Маугли» ертегісінің қойылымын дайындап жатыр. Көрсетілімдер 7 наурызда сағат 12:00 мен 16:00-де, ал 8-9 наурызда 12:00 және 16:30-да өтеді.

 

Сондай-ақ, жас көрермендерге арналған музыкалық театр 8 наурыз күні сағат 18.00-де «Театр әлемі» мерекелік қойылымын ұсынады. Сонымен қатар, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мереке күні 18:00-ге «Брак по-итальянски» қойылымын әзірлеп отыр.

 

8 наурызда «Қазақстан» орталық концерт залында мерекелік концерт, «Жастар» театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты театрландырылған концерттік бағдарлама өтеді.

 

9 наурыз күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық залында қазақ оркестрінің әртісі, қобызшы, мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімованың «Асыл қазына» атты жеке концерті өтеді.

0
Tags :
No More Posts