Now Reading
JOLTAP жобасы: Елордалықтар онлайн сауда жасау негіздерін тегін меңгере алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > JOLTAP жобасы: Елордалықтар онлайн сауда жасау негіздерін тегін меңгере алады

JOLTAP жобасы: Елордалықтар онлайн сауда жасау негіздерін тегін меңгере алады

JOLTAP жобасы: Елордалықтар онлайн сауда жасау негіздерін тегін меңгере алады


Елордада JOLTAP жобасы аясында онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Курс оқытушысы Әлия Ергешпаеваның сөзінше, елордалықтар бұл мамандық түрін төрт күнде меңгере алады.
«Бүгінде онлайн сауда жақсы дамып келеді. Адамдар азық-түліктен бастап киім-кешекке дейін тапсырыс беріп, сатып алып жатыр. Мен өзім бұл салаға келмей тұрып, көп жерде жұмыс істеп көрдім. Ал онлайн маркетплейстер туралы осыдан 3 жыл бұрын естідім. Осылайша арнайы оқудан өтіп, кәсіп бастап кеттім. Әрине, бастапқыда кәсібім алға жүріп кеткен жоқ. Ол кезде онлайн сауданың қыр-сырын білетін адамдар аз болды»,- дейді ол.
Онлайн сауда негіздеріне үйрететін курста практикалық жұмыстарға аса мән берілмек. Әлия Ергешпаева қазіргі таңда курс қатысушыларын тіркеу жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұл курсты таңдаған жандар 4 күн бойы маркетплейсте жұмыс істеу әдістерін үйренеді. Оларға сатушы аккаунтын тіркеу, жарнама және баға белгілеу сияқты пайдалы ақпараттарды ұсынамыз. Курс соңында олар оқыған білімдері бойынша тест тапсырады. Осылайша аз уақыт ішінде тиімді сауда жасауды үйреніп алады», — дейді Әлия Ергешпаева.
Айта кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланатын болады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...