Елордалық спортшылар пара каратэден Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды





Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында пара каратэден IV Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада 8 мемлекеттен келген 36-дан астам спортшы бақ сынасты. Аталған чемпионатта ел намысын қорғаған астаналық спортшылар «ката» бағдарламасы бойынша жарысып, Қазақстан құрамасының қоржынына 5 медаль әкелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар.
«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр елден келген қарсыластар мықты дайындықпен келген. Бірақ біз де соңғы бірнеше ай бойы осы додаға күш аямай жаттықтық. Бұл жеңіс – бапкерлер еңбегінің және ұжымдық қолдаудың нәтижесі. Бұл медаль – елім үшін!» – деді Азия чемпионатының алтын жүлдегері Ләззат Жүсіпова.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
1-орын – Ләззат Жүсіпова;
2-орын – Нұржайна Жаннетова;
3-орын – Дидар Мұхамеджанов;
3-орын – Азиза Ибраимова;
3-орын – Ерлан Нұрмағамбетов.