Now Reading
«Болашақ мектептері»: елордада 14 мың орынға арналған 7 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Болашақ мектептері»: елордада 14 мың орынға арналған 7 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі

«Болашақ мектептері»: елордада 14 мың орынға арналған 7 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада заманауи оқу орындары бой көтеріп, оқушыларға қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы құрылуда. Бұл туралы қалалық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов пен №112 мектеп директоры Қайырлы Жұмаханов мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нариман Еламановтың айтуынша, 2024 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астанада 30 600 оқушыға арналған 16 «Келешек мектептің» құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Бұл 6 үш ауысымды мектептегі мәселені шешуге және бала саны шамадан тыс 9 мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

 2025 жылдың соңына дейін елордада тағы 14 мың орынға арналған 7 келешек мектептің құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа мектептер оқушыға бағдарланған, инклюзивті және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. 

«Келешек мектептері» оқушылардың жас ерекшелігіне қарай бөлінген, қауіпсіз және жайлы ортада білім алуға толық мүмкіндік береді. Барлық мектеп бейнебақылау және кіріп-шығу басқару жүйелерімен жабдықталған, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктармен жобаланған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған пандустар, лифтілер, арнайы санитарлық бөлмелермен қамтылған, аутизм спектріндегі балаларға арналған жеке кабинеттер мен ресурстық сыныптар қарастырылған.

Брифингте №112 мектеп директоры Қайырлы Жұмаханов 2024 жылы ашылған жаңа оқу орнының мүмкіндіктері туралы айтты. Мектеп ауысымына 1000-нан астам оқушыға арналған.

Мектеп заманауи технологиялармен жабдықталған: интерактивті тақталар, 3D модельдеу, бағдарламалау оқытылатын информатика сыныптары, физика, химия, биология зертханалары, STEM, робототехника кабинеттері. Кітапханада электронды әдебиеттер мен планшеттер де бар. Бұл оқушылардың ХХІ ғасыр дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік болады.

Мектеп инклюзивті орта талаптарына сай салынған. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пандустар мен кең лифтілер орнатылған, Брайль қарпімен жазылған маңдайшалар, тактильді жолақтар жасалған, тьюторлық қолдау мен бейімделген тапсырмалар қарастырылған.

Ұстаздар арнайы курстардан өтіп, әр баланың ерекшелігін ескеретін инклюзивті әдістемелерді меңгерген. Ұстаздардың үздіксіз дамуы мен ата-анамен байланыс жолға қойылған. 

Мектепте педагогтардың кәсіби дамуына жүйелі қолдау көрсетіледі: мұғалімдер жаңа технологиялармен жұмыс істеу бойынша арнайы тренингтерден өтеді, тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға тәлімгерлік етеді, сондай-ақ әдістемелік отырыстар мен ашық сабақтар өткізу дәстүрге айналған.

Ата-аналармен байланыс орнату мақсатында мектепте ата-аналар комитеті жұмыс істейді, тоқсан сайын жалпы жиналыстар ұйымдастырылады және әр сынып жетекші ата-аналармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді.

 Мектеп ұжымы алдағы уақытта STEM мен робототехника бағыттарын кеңейтіп, оқушыларды ғылыми жобалар байқауларына дайындауды көздеп отыр.

«Басты мақсатымыз – әр оқушыға сапалы білім мен жан-жақты даму мүмкіндігін беру», — деді мектеп директоры Қайырлы Жұмаханов.



0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×