eGov.kz порталы арқылы баланы басқа мектепке ауыстыруға болады
Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы eGov.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ бір мектептен екіншісіне ауыстыра алады.
Сервис кез келген білім беру ұйымын – тұрғылықты жеріңізде немесе одан тыс жерде таңдауға мүмкіндік береді. ҚР Білім министрлігінің хабарлауынша, бұл процесс сабаққа қатысуға және тіркеуге арналған талондарды, сондай-ақ жеке істі тапсыруды талап етпейді. Мектепті таңдаған кезде оқыту тілі бірден көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда өтініш беруші берілген өтінішті кері қайтарып ала алады.
Қызметті пайдалану үшін:
• eGov.kz порталына кіріп,«Білім» бөлімін ашу қажет;
• «Орта білім» бөлімшесінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдап, жолдарды толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып өтінішке қол қою керек;
• қызмет нәтижесін жеке кабинетте көруге болады.
0