Now Reading
Ақтөбе облысында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар енгізілуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбе облысында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар енгізілуде

Ақтөбе облысында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар енгізілуде

Ақтөбе облысында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар енгізілуде

 

Ақтөбе облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов бірқатар өндірістік кәсіпорындардың құрылысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Асқар Биахметов жұмыс сапарын «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ға қарасты Хромтау 1 жел электр стансасының, Донской тау-кен байыту комбинатының тұнбасын өңдейтін байыту зауытының учаскесінің құрылысы және «AkMez LLP» мұнай өндіру кәсіпорнын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқан Хромтау ауданынан бастады. Бұл нысандардың барлығы «Инновациялық жоба навигаторына» енгізілген. Құрылыс аяқталғаннан кейін онда 60 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

«Инновациялық жоба навигаторы» платформасын Еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құруды бақылау, жаңа кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілікті болжау тиімділігін арттыру және мемлекеттік инвестицияларды пайдалану мақсатында құрған. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша платформа жалпы сомасы шамамен 76,8 триллион теңгені құрайтын 1 422 жоба бойынша деректер жинады. Оларды жүзеге асыру барысында шамамен 223,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп болжануда. Бүгінгі таңда 33,6 мың жұмыс орны құрылды.

Жұмыс сапарының екінші күні Асқар Биахметов облыс жұртшылығымен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының орындалу барысы және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды күшейту шаралары туралы айтты. Шараға үкіметтік емес ұйымдардың, ардагерлер қоғамының өкілдері, мүгедектігі бар жандар, облыстың басқа да белсенді тұрғындары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 30-дан астам адам болды. Отырысты ашқан Асқар Биахметов Еңбек министрлігінің негізгі жұмыс бағыттары мен түрлі санаттағы азаматтарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шараларға кеңінен тоқталды. «Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып, зейнетақы мен жәрдемақылар уақытында төленіп отыр. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша республикада 5,2 миллион адам 4,1 триллион теңге зейнетақы мен жәрдемақы алды, оның ішінде Ақтөбе облысында 281,1 мың адам 179,9 миллиард теңге сомасында зейнетақы мен жәрдемақы алды. Облыс бойынша орташа зейнетақы 17 мың теңгені құрады.» деді министр.

 

Вице-министр сондай-ақ балалы отбасыларды қолдау әрқашан еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатынын айтты. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 9,7 мың адамға бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы 1,8 млрд теңге, жұмыссыз әйелдерге бала күтімі бойынша жәрдемақы – 5,2 мың адамға 1,1 млрд теңге, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуге арналған жәрдемақы 5,32 мың адамға төленді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босануға байланысты 7 мың адамға 8,7 млрд теңге, бала бір жарым жасқа дейінгі күтімге байланысты 27,7 мыңнан астам адамға 12,7 млрд теңге сомасында төлем жасалды. «Облыста 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 29,2 мың көп балалы отбасы бар, бұл республикадағы көп балалы отбасылардың жалпы санының 4,8%-ын құрайды. 2025 жылдың 7 айында оларға 14 миллиард 521 миллион теңге жәрдемақы төленді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға немесе оған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Облыста бұл төлемді 10,8 мың ана алады, оның сомасы 2 млрд 48 млн теңгені құрайды», — деп қосты Асқар Биахметов.

 

Ол өз сөзінде мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне де ерекше назар аударды. Бүгінгі таңда 743,9 мың мүгедектігі бар қазақстандық (халықтың 3,6 пайызы) бар. Ақтөбе облысында 31 мыңнан астам адам мүгедектігі бар болып белгіленсе, оның 56,8%-ға жуығы еңбек жасындағылар, 25,4%-ы зейнет жасындағылар, 17,9%-ы 18 жасқа дейінгі балалар. Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шеңберінде техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету қарастырылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеткізушілерді өз бетінше таңдай алады.

Бүгінде платформада 1012 техникалық оңалту жабдықтарын жеткізуші, 761 ымдау тілі қызметін жеткізуші, 133 шипажай ұйымы тіркелген. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында Портал арқылы қажетті техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алу бойынша 15,3 мың іс-шара жүзеге асырылды. 2024 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін (бұдан әрі – ӘҚҚ) трансформациялау басталды. Орталықтардың қызметін цифрландыру барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында осы қызмет түрін лицензиялау енгізілді. Ақтөбе облысындағы 35 сауықтыру орталықтарының барлығы лицензия алды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемдерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілді және әрбір қызмет алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып анықталады.

 

Жаңа шараларды енгізу АӘК сапасын арттырады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу аясында 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында 19,4 мың адам жұмысқа орналасты, 3410 адам кәсіптік оқумен қамтылды, тағы 998 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Биыл облыста 1 млн 572 мың теңгеге 569 грант бөлу жоспарлануда. 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 281 грант берілді. Вице-министр сөзінің соңында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге көмектесетін іс-шаралар кешені іске асырылып, еңбекті қорғаудың заманауи стандарттары енгізілгеніне қарамастан, бүгінгі күні зиянды еңбек жағдайларын толығымен жою мүмкін емес. «2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 29,9 мың жұмысшы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеді.Өңірде өткен жылы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлем 996 адамға, ал 2025 жылдың 1 тамызына 336 адамға тағайындалған. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды одан әрі жақсарту мақсатында министрлік арнайы әлеуметтік төлемдерді алушылардың санатын кеңейту мәселесін қарастыратын болады», — деді Асқар Биахметов.

 

Ол өз сөзінен кейін облыс тұрғындарының сауалдарына тұшымды жауап берді. Вице-министр жұмыс сапарының соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×