«Мектепке жол»: Астанада тағы 100 балаға мектепке дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында Астанада жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.
Жүзге жуық балаға көмек көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акцияны ұйымдастырушылар Астана әкімдігінің қолдауымен «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры мен «Мұнара» балалар түзеу орталығы болды.
Мерекелік шара елордалық филармонияның камералық залында өтті. Онда 100-ге жуық бала жиналды, олардың арасында ерекше күтімді қажет ететін балалармен қатар жақын маңдағы елді мекендер – Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының балалары да болды. Жас қатысушылар концерттік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетті: музыкалық және би нөмірлері, сән көрсетілімі, өлең оқу. Акция аясында балаларға оқуға арналған рюкзактар мен кеңсе тауарлары берілді.
Ұйымдастырушылар балаларды келе жатқан оқу жылымен құттықтап, оқуларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. «Мектепке жол» акциясы оныншы жыл бойы мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өткізілуде. Осындай іс-шаралардың арқасында ата-аналар аз да болса жеңілдік алады, ал балалар қуанышқа, сыйлықтарға және ілтипатқа бөленеді. Сондай-ақ олардың бүгінгідей сахнада өзін көрсете білуі, таланттарын көрсете білуі маңызды.
Балалар үшін бұл үлкен қолдау және ынталандыру. деді «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының жетекшісі Ботагөз Игенбаева.