Now Reading
Алматыда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған музыкалық фестиваль өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған музыкалық фестиваль өтті

Алматыда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған музыкалық фестиваль өтті

Алматыда «Әлемнің дыбыстары» атты есту қабілеті бұзылған балаларға арналған екінші халықаралық музыкалық фестиваль өтті. Сахнаға 7 елден келген 35 финалист шықты. Қатысушыларды қазылар алқасы бірнеше ай бойы іріктеді. Барлық шығармашыл балалар мен жасөспірімдер айналаны кохлеарлық импланттар арқылы естиді.

Бұл балалар өз құрдастарынан еш айырмашылығы жоқ, тек естуі кохлеарлық импланттың арқасында қалпына келген. 14 жастағы Матвей Романовский фестивальде конферансье болды. Заманауи медициналық технологиялар болмағанда, ол, мүмкін, тек ым тілінде ғана сөйлесер еді. Нәресте кезінде ауыр сырқаттан кейін Матвей есту қабілетін жоғалтқан. Имплант салу отасы оған дыбысты қайта есту мүмкіндігін берді. Қазір ол жалпы білім беретін мектепте оқиды және кәсіби деңгейде саксофонда ойнайды.

Матвей Романовский, фестивальдің жүргізушісі әрі қатысушысы:

– Мұндай конкурстар не үшін керек? Адамдар танылуы үшін, өздерін дамытуы үшін. Барлық қатысушылар өте жақсы, әрқайсысының өз нөмірі бар: бірі би билейді, бірі ән айтады, енді бірі ойнайды. Бұған дейін менде жақсы тәжірибе болды, көптеген фестивальдерге бардым. Варшавада, Қырғызстанда болдым.

Ұқсас жағдайды Қостанайдан келген 15 жастағы Чингиз Әгібаев та бастан өткерген. Ол бүгінде әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Туа біткен есту кемістігі бар Чингиз 3 жасында мүлде естуден қалған. Реабилитациядан кейін музыкаға, биге және ән айтуға қызығуы арта түсті, оған музыкалық білімі бар анасы үлкен әсер еткен.

Чингиз Әгібаев, фестиваль қатысушысы:

– Есту қабілетімді жоғалтқаннан кейін маған ота жасалды. Бұған өкінбеймін, себебі кохлеарлық имплантациядан кейін дамыдым, ағылшын тілін үйрендім, көптеген фестивальдер мен байқауларда өнер көрсеттім. «Волшебная симфония», «Әлемнің дыбыстары» және тағы басқалар.

Кохлеарлық имплантация – ауыр есту кемістігімен туғандардың да әлемді естуіне мүмкіндік беретін әдіс. Отадан кейін маңызды кезең басталады: мамандардың айтуынша, музыка балаларды жаңа дыбыстар әлеміне бейімдеуге көмектеседі.

Оксана Джанваху, «Аксай» университеттік клиникасының сурдопедагогы:

– Ота – реабилитацияның алғашқы кезеңі. Негізгі кезең – педагогтармен және ата-аналармен жүргізілетін есту-сөйлеу реабилитациясы. Бұл бір күндік жұмыс емес, кейде екі-үш жылға созылады. Бұл оңай процесс емес: алдымен барлық есту орталықтарын «іске қосу» керек, бала естуді, түсінуді, сөйлеуді үйренуі тиіс.

Бірнеше онжылдықтар имплант салу оталары шетелде ғана жасалатын және өте қымбат болатын. Қазақстанда бұл ота 2007 жылдан бастап қолжетімді. Бүгінде ол ересектер мен балаларға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×