Қазақстанда 208 мыңға жуық адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады — ел алдында ерекше еңбегі бар немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қолдау. Бұл төлемдерге ай сайын республикалық бюджеттен 22,3 миллиард теңге бөлінеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны 17 санаттағы азаматтар рәсімдей алады.
Жәрдемақы алуға кім құқылы
– Ұлы Отан соғысының және өзге елдердегі ұрыс қимылдарының ардагерлері;
– жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер;
– қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері;
– қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
– тыл еңбеккерлері;
– Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысушылар;
– мүгедектігі немесе зейнеткерлік мәртебесі бар саяси қуғын-сүргін құрбандары;
– «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері;
– мемлекет алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар.
Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да бұл төлемге үміткер бола алады.
Төлем мөлшері
Жәрдемақы мөлшері алушы санатына байланысты 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі аралықта белгіленеді. Бұл 8375 теңгеден 545 мың теңгеге дейінгі сома. Министрлік дерегінше, 2025 жылғы ең жоғары төлем – 545 мың теңге. Төлемдер жыл сайын АЕК өсуіне қарай көбейеді.
Азамат бірнеше санатқа бірдей кірсе, жәрдемақыны қай негіз бойынша алатынын өзі таңдайды.
Арнайы жәрдемақыны қалай рәсімдеу керек
Өтініш беру тәсілдері:
– онлайн: eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
– офлайн: халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО).