Now Reading
МӘМС: мүгедектігі бар балалар емдеу және оңалту үшін мемлекеттен қандай көмек алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > МӘМС: мүгедектігі бар балалар емдеу және оңалту үшін мемлекеттен қандай көмек алады

МӘМС: мүгедектігі бар балалар емдеу және оңалту үшін мемлекеттен қандай көмек алады

Елдің денсаулық сақтау жүйесінде екі пакет бойынша медициналық көмек көрсетіледі — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі. Церебральды сал ауруы диагнозы бойынша қызметтер ТМККК пакетінен МӘМС жүйесіне көшірілген. Сарапшылар бұл науқастарға қандай артықшылық беретінін түсіндірді.

Кәмелетке толмаған азаматтар автоматты түрде сақтандырылған 15 жеңілдік санатына кіреді, олардың мәртебесі мен пакеттеріне қарамастан. Мұндай балалар үшін жарналарды толықтай мемлекет төлейді.

Балаға 18 жас толғанда, егер ол қозғалысы шектеулі және денсаулығына байланысты тұрақты шектеулері болса, ата-аналары алдын ала құжаттарды дайындап, мүгедектікті рәсімдеуі қажет. Бұл жағдайда мемлекет оның сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады.

Егер бала жұмысқа қабілетті, бірақ әлі жұмысқа орналаспаған болса, оны жұмыссыз ретінде тіркеу керек. Сол кезде оның жарналарын да мемлекет төлейді — жергілікті атқарушы органдар арқылы.

Егер бала жұмыс істесе, бірақ аз табыс алса, ол дағдарыс немесе шұғыл жағдай деңгейіне (D және E санаттары) жатқызылады. Сол кезде сақтандыру жарналарын мемлекет төлейді.

Егер студент болса (орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім ұйымдарында күндізгі оқу), оның жарналарын да мемлекет төлейді.

Егер ол ресми жұмысқа орналасқан болса, жарналарды жұмыс беруші аударуы тиіс.

Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған (жеке кәсіпкер) болса, жарнаны өзі төлейді — айына 4 250 теңге немесе жылына 51 000 теңге.

Маңыздысы: кепілдендірілген пакет қысқаруы медициналық көмек көлемінің азаюын білдірмейді. Қызметтердің ешқайсысы жойылмайды — тек қаржыландыру көзі өзгереді. Барлық сақтандырылған азаматтар, соның ішінде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа созылмалы аурулары бар науқастар, бұрынғыдай ем, консультациялар және қажетті дәрі-дәрмектерді алады, тек қазір МӘМС аясында.

Мемлекет есебінен сақтандырылған жеңілдік санатындағы азаматтар:

— 18 жасқа дейінгі барлық балалар;

— жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, балаға күтім бойынша үш жасқа дейін демалыстағы әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған әйелдер;

— көпбалалы аналар: «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалі иегерлері немесе бұрын «Қаһарман ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Аналық даңқ» ордені иегерлері;

— қарттар: зейнеткерлер, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

— мүгедектігі бар жандар, сондай-ақ бала кезінен мүгедек тігі бар адамға немесе мүгедектігі бар балаға қамқорлық жасайтын адамдар;

— күндізгі оқу бөлімі бойынша білім алатын студенттер (орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім);

— жұмыссыз ретінде тіркелген және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

— тергеу изоляторында немесе жазасын өтеп жатқан тұлғалар, тек минималды қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардан басқа.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×