Now Reading
«WorldSkills Astana-2026»: Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «WorldSkills Astana-2026»: Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде

«WorldSkills Astana-2026»: Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде

Елордада «WorldSkills Astana-2026» XI қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық әрі кәсіптік білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған ауқымды іс-шара 15 мамыр күні салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Биыл чемпионатқа 55 құзырет бойынша 347 қатысушы қатысуда. Сонымен қатар, жарыстың әділ әрі сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін 291 сарапшы тартылған.

2026 жылғы 20 мамырдағы мәліметке сәйкес, бүгінгі күнге дейін қатысушылар 31 құзырет бойынша конкурстық тапсырмаларды аяқтады.

Әртүрлі бағыттар бойынша үздік мамандар қаладағы 17 алаңда және әлеуметтік серіктестер базасында анықталуда. Атап айтқанда, веб-технологиялар, мобильді қосымшаларды әзірлеу, желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бизнеске арналған IT-шешімдер, АКТ желілерінің инфрақұрылымы, мехатроника, мобильді робототехника, өнеркәсіптік автоматика, электроника, дәнекерлеу технологиялары, CNC станоктарында токарьлық және фрезерлік жұмыстар, зертханалық химиялық талдау, кірпіш қалау, сантехника және жылыту жүйелері, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, плиткамен қаптау, электр монтаждау, сырлау және сәндік жұмыстар, графикалық дизайн, сән технологиялары, компьютерлік ойындардың 3D-модельдеуі, жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, аспаздық және кондитерлік іс, шаштараз, нан пісіру, прототиптеу, мейрамхана сервисі, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақты жөндеу, ағаш ұсталығы, кәсіпкерлік, E-mobility, қонақүй әкімшілігі, флористика, мобилография, мектепке дейінгі тәрбие, бейнемонтаж, бұлтты бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процестерін басқару, Industry 4.0, ландшафт дизайны және интернет-маркетинг бағыттары қамтылған.

Сонымен қатар, «WorldSkills Astana-2026» аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж студенттері арасында «Abilympics» және «DeafSkills» кәсіби шеберлік чемпионаттары, ал елордалық мектеп оқушылары арасында «Jasskills» чемпионаты ұйымдастырылуда.

Қалалық чемпионат жеңімпаздары биыл күзде өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2026» республикалық чемпионатында Астана намысын қорғайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі, сондай-ақ чемпионаттың салтанатты жабылуы 2026 жылғы 26 мамырда өтеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×