Now Reading
Қостанай облысында мемлекеттік қызметкерлер мүгедектігі бар азаматтан мемлекеттік гранттың бір бөлігін қайтаруды талап етті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанай облысында мемлекеттік қызметкерлер мүгедектігі бар азаматтан мемлекеттік гранттың бір бөлігін қайтаруды талап етті

Қостанай облысында мемлекеттік қызметкерлер мүгедектігі бар азаматтан мемлекеттік гранттың бір бөлігін қайтаруды талап етті

Қостанай облысында мемлекеттік қызметкерлер мүгедектігі бар азаматты сотқа беріп, бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін алған мемлекеттік гранттың 600 мың теңгеден астам бөлігін қайтаруды талап етті. Алайда сот бұл талапты толық көлемде қанағаттандырмады.

«Сот халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мемлекеттік грант алушының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Істі қарау қорытындысы бойынша сот талап етілген соманың басым бөлігін өндіріп алуға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Талап ішінара қанағаттандырылды: жауапкерден мақсатты жұмсалғаны құжат жүзінде расталмаған 26 мың теңге өндірілді. Қалған талаптарды қанағаттандырудан бас тартылды. Дауды шешу кезінде сот істің барлық мән-жайына жан-жақты баға беру, бизнес-жоспар талаптарының нақты орындалуы, сондай-ақ қоғамдық мүдде мен әлеуметтік осал санаттағы мемлекеттік қолдау алушының құқықтары арасындағы теңгерімді сақтау қағидаттарын басшылыққа алды», – деп хабарлады Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.

Сот анықтағандай, ІІ топтағы мүгедектігі бар әрі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жауапкер кәсіпкерлік қызметін дамыту мақсатында ағаш өңдеу жабдығын сатып алуға арналған бизнес-жобаны іске асыру үшін мемлекеттен 1,5 млн теңге көлемінде грант алған.

Талап қоюшы – Қостанай облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ жеке кәсіпкерге қарсы талап арызында жабдықты жеткізуге кеткен шығындарды грант қаражатының мақсатты пайдаланылуына жатқызбаған. Осыған байланысты 600 мың теңгеден астам соманы өндіріп беруді сұраған.

«Істі қарау барысында сот жауапкердің бизнес-жоспарда көзделген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдықты сатып алғанын анықтады. Зерттелген дәлелдемелер көрсеткендей, жабдықты шетелден сатып алу, оны жеткізу шығындарын қоса есептегеннің өзінде, Қазақстан аумағынан ұқсас жабдық сатып алғаннан экономикалық тұрғыдан тиімді болған және бизнес-жобаны бөлінген грант көлемінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Сондай-ақ сот кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында, сондай-ақ тараптар арасындағы шартта жабдықты шетелден сатып алуға тыйым салынбағанын әрі жеткізу шығындарын алып тастап, жабдық құнын айқындау тәртібі белгіленбегенін атап өтті», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×