Now Reading
Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғау жөнінде 80-ге жуық өтініш түскен
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғау жөнінде 80-ге жуық өтініш түскен

Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғау жөнінде 80-ге жуық өтініш түскен

Қарағанды облысында биыл Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына 80-нен астам өтініш түскен. Олардың басым бөлігі отбасындағы жанжалдарға қатысты. Мамандар балалар мен ата-аналарға көмектесу үшін психологтар мен басқа да қызметтердің мамандарын тартады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларға да қолдау қажет. Оларға жәрдемақы тағайындалып, оңалту құралдары мен арнайы техникалық жабдықтар беріледі.

Диана төрт жастағы қызын тәрбиелеп отыр. Қызы ерекше назар мен қолдауды қажет етеді. Отбасы балаға 93 мың теңге жәрдемақы және оны күтуге байланысты шамамен 82 мың теңге көлемінде төлем алады. Бұл қаражат оңалтуға және мамандармен сабақ өткізуге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге көмектеседі.

Диана, Қарағанды қаласының тұрғыны:

– Ерекше бала ерекше назарды қажет етеді. Оған тұрақты түрде оңалту шаралары мен мамандардың көмегі керек. Алынатын төлемдер осы мақсаттарға жұмсалады. Бала өскен сайын оған мамандардың көмегі мен назары да көбірек қажет болады.

Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар 5 600-ден астам бала қолдау алады. Мүгедектік белгіленгеннен кейін жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады. Сондай-ақ ата-аналарға баланы күтуге байланысты төлем беріледі. Қосымша қолдау шараларын алу үшін электрондық сервистер арқылы, ХҚКО-да немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өтініш беруге болады.

Ләззат Бименова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы:

– Мүгедектігі бар балаларға протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарды қоса алғанда, арнайы техникалық және компенсаторлық құралдар, сондай-ақ міндетті гигиеналық құралдар беріледі. 731 бала санаторийлік-курорттық еммен қамтылды.

Қолдау ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ғана емес, басқа отбасыларға да қажет. Қаржылық қиындықтар немесе отбасындағы жанжалдар салдарынан кез келген отбасы қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Мұндай кезде ата-аналар Отбасын қолдау орталығына жүгіне алады. Мұнда мамандар жағдайды шешуге көмектесіп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Аида Искакова, Қарағанды қаласындағы Отбасын қолдау орталығының басшысы:

– Бізге түсетін өтініштердің басым бөлігі кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Мектептегі білім алуға байланысты мәселелер туындаса, отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға көмектесеміз. Олардың қатарында жалпыға бірдей білім беру қоры аясындағы түрлі төлемдер бар.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге жәрдемдесеміз. Егер бала буллингке, отбасындағы жанжалдарға немесе өз құқықтарының бұзылуына тап болса, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына да жүгіне алады.

Басқарма мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мамандар 80-ге жуық өтініш қабылдаған. Олардың басым бөлігі отбасындағы жанжалдарға қатысты. Мұндай жағдайларда мамандар психологтарды тартып, баланың мәселесін шешу және жағдайдың мән-жайын анықтау үшін басқа қызметтермен бірлесіп жұмыс істейді.

Баян Нұртаева, облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы:

– Мектептерде QR-кодтар орнатылған. Балалар оларды телефон арқылы сканерлей алады. Осыдан кейін экранда мектеп туралы ақпарат көрсетіліп, республикалық орталықтың операторымен байланыс орнатылады.

Орталықта балаларға бірден көмек көрсете алатын психологтар да жұмыс істейді. Егер өтініш буллингке немесе отбасындағы жанжалдарға қатысты болса, ол біздің басқармаға жолданады.

Балалар тап болатын мәселелер жекелеген өңірлермен ғана шектелмейді. Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы екі оқу жылында ел мектептерінде орналастырылған QR-кодтар арқылы балалардан 167 мың хабарлама түскен. Бұдан бөлек, «111» байланыс желісіне 4 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Осылайша балалар өз мәселелері туралы хабарлап, мамандардан көмек ала алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×