Now Reading
Қазақстанда психикалық денсаулықты қолдау бойынша 81 орталық пен аутизмі бар балаларға арналған 189 бөлімше ашу жоспарлануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда психикалық денсаулықты қолдау бойынша 81 орталық пен аутизмі бар балаларға арналған 189 бөлімше ашу жоспарлануда

Қазақстанда психикалық денсаулықты қолдау бойынша 81 орталық пен аутизмі бар балаларға арналған 189 бөлімше ашу жоспарлануда

Қазақстанда психикалық денсаулықты қолдау бойынша 81 орталық пен аутизмі бар балаларға арналған 189 бөлімше ашу жоспарлануда

 

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 алғашқы медициналық көмек орталығын және аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарлануда. Бұл ерте диагностикалау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін, соның ішінде ауыл тұрғындары үшін де, арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен кеңесте Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева мәлімдеді.

 

Ол 2027–2031 жылдарға арналған халықтың психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі кешенді жоспар жобасын таныстырды. Құжат 11 бағыт бойынша 60 іс-шараны қамтиды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық психикалық денсаулық орталығының басшысы Әлия Рүстемова өңірлердегі 20 психикалық денсаулық орталығына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндады.

 

«Бүгінде психикалық денсаулық мәселелері ерекше маңызға ие. Біздің міндетіміз – науқастың тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық өңірде мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

 

Қазіргі уақытта елімізде 20 психикалық денсаулық орталығы, 101 алғашқы медициналық көмек орталығы және бейінді 212 кабинет жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 12 өңірде тағы 81 алғашқы медициналық көмек орталығын ашу қажеттілігі анықталған.

 

Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға ерекше көңіл бөлінді. Оларға арнап психикалық денсаулық орталықтары мен аудандық ауруханалар базасында 189 күндізгі бөлімше ашу көзделген. Бұл тәулік бойы стационарға жатқызбай-ақ, оңалту қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Министр қызметті білікті кадрлармен қамтамасыз етуді, әсіресе балалар мен ересектер психиатриясы саласында күшейтуді, сондай-ақ мамандарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын қарастыруды тапсырды.

 

«Кадр тапшылығы әлі де негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Мамандар даярлауды кеңейту, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттары есебінен оқыту санын арттыру және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын қарастыру қажет», – деді министр.

 

Кешенді жоспар жобасында медициналық ұйымдарды жаңғырту, жабдықтарды жаңарту, амбулаториялық көмекті дамыту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру де көзделген.

 

Басым міндет – бұзылыстарды ерте анықтаудан бастап емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдауға дейінгі психикалық денсаулық саласындағы қолжетімді әрі үздіксіз көмек жүйесін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×