Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль әкелді

Спортшы Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Қазақстандық Давид Дегтярев Айчи-Нагояда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Ол парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Давид Дегтярев 190 келі салмақты көтеріп, Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Бұған дейін Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді Еркін Ғаббасов сыйлаған болатын. Ол пара оқ атудан жарыста жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ Турсынай Қабыл парапауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келі көтеріп, күміс медаль иеленді.