Now Reading
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мың тоннаға жуық өнім ұсынылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мың тоннаға жуық өнім ұсынылады

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мың тоннаға жуық өнім ұсынылады

Республика күніне орай 24 және 25 қазанда Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қарағанды және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңке аясында екі өңір мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынады.

Қарағанды облысы елордаға 583 тоннадан астам өнім жеткізеді. Оның ішінде:

• картоп – 310 тонна;

• еттің барлық түрі – 134,7 тонна;

• көкөніс – 80 тонна;

• сүт өнімдері – 15 тонна;

• балық – 7,5 тонна;

• тауық жұмыртқасы – 310 мың дана;

• өзге де бакалея өнімдері – 36 тонна.

Қостанай облысы 100-ден астам атаудағы 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынады. Олардың қатарында:

• еттің әртүрлі түрлері – 49 тонна;

• сүт өнімдері – 31 тонна;

• шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;

• жарма және макарон өнімдері – 30 тонна;

• картоп пен көкөністер – 90 тонна;

• ұн – 40 тонна;

• нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқа да тауарлар бар.

Жәрмеңкеге екі өңірден 140-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпорын қатысады.

Іс-шараның мақсаты – елорда тұрғындарын сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау және өнімді өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізу жүйесін дамыту.

Жәрмеңке 24 және 25 қазанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×