Now Reading
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 626 ұйым лицензия алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 626 ұйым лицензия алды

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 626 ұйым лицензия алды

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптар күшейтілді. 626 ұйым лицензия алды. Олардың қатарында үкіметтік емес сектордың 163 өкілі бар.

Жаңа қағидаларда үй-жайларға, қызмет алушылардың қауіпсіздігіне және персоналдың біліктілігіне қойылатын бірыңғай талаптар көзделген. Қызметкерлердің тиісті сертификаттары болуы тиіс.

Бұл өзгерістер туралы Алматыда БҰҰ-ның қолдауымен өтіп жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Орталық Азиядағы алғашқы семинарда айтылды. Өңірдің бес елінен келген өкілдер балаларға, қарт адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсету жүйесін дамыту, сондай-ақ мамандардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады. Қатысушылар қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, жүйені одан әрі жетілдіру қажет екенін атап өтті.

ҚР Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева:

– Сапалы күтіммен қамтылатын отбасылардың саны арта түссе, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл сапалы жолға қойылып, функциялардың қайталануына жол берілмесе дейміз. Күтімге және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж әрбір адам тиісті көмекті алуы керек.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Илья Скуб:

– Жалпы, әлеуметтік саясат адамның қиын өмірлік жағдайдан шығуына, соның ішінде жұмысқа орналасуына бағытталған. Яғни халықты жұмыспен қамту – министрліктің басым міндеттерінің бірі. Біз әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақы деңгейін арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл ретте жеке көмекшілер көрсететін қызметтерге де ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлердің қызмет атқару кезеңіндегі еңбек өтілін есепке алу бойынша реформалар жүргізілді. Бұл олардың болашақ зейнетақы төлемдеріне, сондай-ақ міндетті әлеуметтік аударымдарына оң әсер етеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×