Мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілерді тағайындау қағидалары бекітілді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік мәселелері бойынша министрлердің, аудандардың, қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілерін (бұдан әрі – кеңесші) тағайындау қағидаларын әзірлеп, бекітті.
Кеңесші қызметінің мақсаты республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамдардың заңды мүдделерін білдіру және олардың пікірін ескеруді қамтамасыз ету болып табылады.
Ережеге сәйкес 20 жасқа толған, арнаулы орта және жоғары білімі, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде бес жыл кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет тәжірибесі бар, жергілікті деңгейде кеңесші таңдаған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде кемінде екі жыл тұрақты тұратын ҚР азаматы кеңесші болып тағайындалуы мүмкін.
Кеңесші бірінші басшыға есеп береді және оның алдында жауапты болады.
Кеңесшінің өкілеттік мерзімі – үш жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық кеңесші бола алмайды.
Кеңесші өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Кеңесші лауазымына кандидатуралар өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылады.
Кеңесші кандидат:
1) мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;
3) белгіленген заңды тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған;
4) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұруы болмауы керек.
Кандидатуралар осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қарауға жіберілмейді.
Кеңесші келесі жағдайларда өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатады:
— кеңесшінің жеке бастамасы;
— соттың оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;
— соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы;
— оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
— Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету;
— ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде дұрыс емес ақпарат анықталған жағдайда;
— кеңесші қызметінің тиімділігін бағалау негізінде белгіленген функционалдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау;
— мемлекеттік, азаматтық қызметке кіру, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайлану, судья болып тағайындалу;
— өкілеттік мерзімінің аяқталуы;
— қайтыс болған жағдайда.
Кеңесшіні тағайындау рәсімі осы Қағидаларда көзделген тәртіпке сәйкес қазіргі кеңесшінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.
Ережемен толығырақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/693957?lang=kk
сілтемесі арқылы танысуға болады.