Now Reading
Мектеп асханаларының мәзірінде целиакия, қант диабеті және аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескерілетін болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мектеп асханаларының мәзірінде целиакия, қант диабеті және аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескерілетін болады

Мектеп асханаларының мәзірінде целиакия, қант диабеті және аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескерілетін болады

Мектеп асханаларының мәзірінде целиакия, қант диабеті және аллергиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескерілетін болады

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзірді әзірлеп, бекітті.

«Мәзір балалардың физиологиялық қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, онда жас санаттары, маусымдық, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген. Стандарт сондай-ақ шағын жинақталған мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және қант диабеті, тамақ аллергиясы, целиакия ауруы, лактоза жеткіліксіздігі және басқа да аурулар сияқты ерекше диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды қамтиды»,-деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова бүгін Маңғыстау облысында өткен кеңесте сөйлеген сөзінде.

Құжат мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ білім беру-сауықтыру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа стандартқа сәйкес қант, тұз және май мөлшері едәуір азаяды, құрамында табиғи емес өнімдер мен тұз бен қант көп болатын өнімдер (шұжық өнімдері, ысталған ет, қант қосылған шырындар, спредтер, дәм мен иісті күшейткіші бар өнімдер және т.б.) алынып тасталады, жаңа піскен көкөністердің, жемістердің және табиғи өнімдердің үлесі артады.

Ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептерде ыстық бутербродтан, ашытылған сүт өнімінен (йогурт), маусымдық жемістерден және сусыннан (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден) тұратын ланч-пакеттер дайындалады.

Қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктерін, медицина қызметкерлерін, тамақтану қызметтерін жеткізушілерді және бракераждық комиссияның мүшелерін онлайн оқыту жүргізілуде. Кейіннен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлерін оқыту жоспарланған.

Әзірленген мәзір Санэпидбақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылды және білім басқармалары мен бизнес субъектілерін хабардар ету үшін Оқу-ағарту министрлігіне жіберілді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×