Now Reading
Астанада нейрохирургтер омыртқа ауруларын емдеу мәселелерін талқылауда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада нейрохирургтер омыртқа ауруларын емдеу мәселелерін талқылауда

Астанада нейрохирургтер омыртқа ауруларын емдеу мәселелерін талқылауда

Астанада әлемнің түрлі елдерінен келген нейрохирургтер омыртқа ауруларын емдеудің аз инвазивті технологияларын талқылауда. Елордада IV Орталық Азия CASMISS-2026 конференциясы өтіп жатыр.

Алаң Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан, Қытай, Өзбекстан және басқа да елдердің жетекші мамандарын жинады. Дәрігерлер заманауи жұлын хирургиясының күрделі аспектілерін, сондай-ақ ота үдерісіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін талқылады. Омыртқа деформациясы мен аурулары әлемде де, Қазақстанда да ең өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Елде жыл сайын сколиозбен ауыратын 17 мыңға дейін науқас тіркеледі. Остеохондроз, протрузия, жарық, арқа мен мойын аурулары бүгінде тіпті жастар арасында да жиі кездеседі. Алғаш рет анықталған науқастардың 83%-ы – балалар мен жасөспірімдер. Дәрігерлердің айтуынша, бұған аз қимылды өмір салты мен смартфондар мен компьютерлерді үздіксіз пайдалану себеп. Мұндай жағдайларда аз инвазивті емдеу технологиялары көмектесе алады.

Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

– Ұлттық нейрохирургия орталығында жыл сайын омыртқа мәселелері бойынша шамамен 500 ота жасалады. Соның 30–40%-ын аз инвазивті нейрохирургия құрайды. Бұлар – омыртқааралық диск жарықтары, бүгінде жиі кездесетін түрлі стеноздар. Мұнда аз инвазивті эндоскопиялық емдеудің рөлі өте зор. Бұл әдіс жарақаты аз әрі тиімділігі жоғары. Науқастың ауруханада болу мерзімі қысқарады, қалпына келу үдерісі жылдам өтеді.

Кан Таек Лим, Орталық Азия аз инвазивті хирургтар қауымдастығының төрағасы:

– Кореяда омыртқаға жасалатын оталардың 78%-ы эндоскопиялық әдіспен орындалады. Аз инвазивті хирургияның бұл тәсілі кез келген басқа отадан артық, себебі оны жергілікті анестезиямен, теріге өте кішкентай тілік жасау арқылы және қалыпты анатомиялық құрылымдарға зақым келтірмей жасауға болады. Қазақстанда да мұндай оталар жиі жасала бастады. Біз тәжірибемізбен бөлісуге және аз инвазивті араласулар кезінде озық технологияларды енгізу туралы айтуға дайынбыз.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×