Now Reading
Қарағанды облысында шенеуніктер аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлерді өз білгендерінше бөліп берген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды облысында шенеуніктер аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлерді өз білгендерінше бөліп берген

Қарағанды облысында шенеуніктер аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлерді өз білгендерінше бөліп берген

Мемлекеттік дәрежедегі айла-шарғы салдарынан 2320 адам зардеп шеккен. Шенеуніктердің қолына түскен жалға берілетін пәтерлер әлі күнге дейін аз қамтылған отбасы ретінде тізімде тұрған отбасыларға жетпеген.

Соңғы үш ай ішінде аймақта мемлекеттік бағдарлама бойынша 128 пәтер заңсыз берілген: оның ішінде 89 пәтер – несиемен және 39 пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер. Несиеге берілген 89 пәтер кезекте тұрған отбасыларға қайтарылған. Ал қырыққа жуық пәтер әлі де өз иелеріне қайтарылмаған.     

«Қарағанды облысының прокуратурасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында құқық бұзушылықтар орын алғанын анықтады. Бүгінгі таңда төрт пәтер иелеріне ерікті түрде қайтарылды. Сот шешімі бойынша тоғыз жалға алу шарттары заңсыз деп танылған, сонымен қатар 26 пәтерді қайтару ісі жүргізіліп жатыр», — деп прокуратура өкілі Нұрсұлтан Қалдырбай мәлімдеме жасады.   

Балалар үйінің түлегі Сауле Танашева пәтерлердің осылайша үлестіріліп кеткені үшін өте наразы екенін білдірді. Бойжеткен пәтер кезегіне 2007 жылы тұрған екен, бірақ құжат қабылдаған орган   құжаттарын жоғалтып жіберген.     

«Мен 2015 жылы құжаттарымның жоғалғаны туралы білдім. Қалайша мемлекеттік органнан құжаттар жоғалуы мүмкін? Осының салдарынан қайта кезекке тұруыма тура келді. Менің шынымен де тұратын жерім жоқ, мен жетім бала ретінде тізімге тұрған едім. Бастапқыда кезекке тұрғанымда менің кезегім  1 829 болған, ал қазіргі кезегім 2 218!» – деп ренішін білдірді С.Танашева. 

Жылдар өте кезегінің алға жылжудың орнына алшақтап кеткенінен Сәуле пәтерлер тек таңдаулы азаматтарға ғана бұйырады деген тұжырымға келген. Бүгінгі таңда пәтерге кезекте ресми түрде 7 мыңға жуық қарағандылық жетім тіркелген, арнайы органдар тексерісінің нәтижесінде олардың біразының жолы болып, пәтерлеріне қолдары жеткен.   

«Саран қаласында прокуратура органдарының тексеруі барысында жеті пәтер жетімдерге берілген», – деп атап өтті Нұрсұлтан Қалдырбай.

Әкімдікте осындай келеңсіздіктердің басты себебі – салғырттық деп отыр.   

«Бұл жергілікті атқарушы органдар комиссиясының салғырттығы. Білместік танытқан, бағдарламаны соңына дейін оқып шықпаған. Комиссияның барлық мүшелері тәртіптік жазаға тартылған: ескерту, сөгіс жарияланған» — деп жауап берді Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов.    

Тәртіптік жазаға 43 шенеунік тартылған, олардың екеуі кент әкімдері және жеті әкім орынбасарлары. 

Ақпан айында мәжілісмен Ерлік Өмірғали аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлерді жекелеген шенеуніктер өз достары мен таныстары берген және сатып жібергені туралы хабарлаған болатын. 

Қарағанды аймағында бұл мәселе бойынша олардағы жағдай өзгеше екендігін мәлім еткен.  

«Мүмкін пәтер алғандар шенеуніктердің әріптестері шығар, бірақ олардың туыстары екендігіне тура дәлелдер жоқ. Пәтер алғандар бірнеше жыл пәтер кезегінде тұрған, олардың кезегі жеткен», — деп толықтырды сөздерін Ұлантай Үсенов.

Осындай жолмен пәтер алғандар жылыту кезеңі аяқталған соң пәтерлерінен шығарылады. Ол баспаналар 39 аз қамтылған отбасыға табысталады. Ал бюджеттік сала жұмыскерлеріне осы жылы басқа бағдарлама бойынша жалға берілетін пәтерлер берілетіні туралы уәде етілді.    

 

 

 

 

 

 

 

Источник:  newtimes.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×