Now Reading
Мәжіліс қашықтағы жұмыс барысында еңбек қатынастарын реттейтін түзетулерді мақұлдады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәжіліс қашықтағы жұмыс барысында еңбек қатынастарын реттейтін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс қашықтағы жұмыс барысында еңбек қатынастарын реттейтін түзетулерді мақұлдады

Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі.

Мәжіліс екінші оқылымда ҚР Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жобасын мақұлдады.

Заң жобасының бастамашысы Мәжіліс пен Сенат депутаттары болды. 19 мамырда парламенттің төменгі палатасында заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасына «қашықтан жұмыс жасау» және «аралас жұмыс» ұғымдары енгізілген. Түзетулер келесі нормаларды қарастырады:

— Тараптар арасындағы келісім шеңберінде қызметкердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша қашықтықтан жұмыс жасау. Төтенше жағдайлар, карантиндік және басқа да шектеу шаралары (мұндай жағдайларда жұмыс берушінің қашықтықтан жұмыс форматын бір жақты тәртіпте уақытша орнатуға құқығы бекітілген) кезінде ғана бұл тәртіп сақталмауы мүмкін.

— Қашықтықтан жұмыс тәртібін орнату кезінде жұмыс беруші құрал-жабдықтармен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті басқа құралдармен қамтамасыз етуге міндетті.

— Жұмыскер жұмыс уақытында жұмыс берушімен байланысқа түсуге дайын болуы тиіс. Сонымен бірге жұмыс беруші еңбек кодексінде көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді жұмыс уақытынан тыс уақытта болуын талап етуге құқылы емес.

— Қызметкердің біліктілігіне, орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына байланысты еңбек шарты мен жұмыс берушінің актісінде көзделген жұмыс көлемін орындаған кезде, жалдамалы жұмыс үшін жалақы толық көлемде төленуі керек.

Заң жобасында қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің іссапарлары туралы ережелер нақтыланған. Хабарламалар мен түсіндірме жазбаларды дайындау, құжаттарды қағаз түрінде де, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжатты пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар өзгерістер жобасы қызметтік міндеттерін атқаратын қызметкерлерді еңбек шартын жасамай (мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері) қашықтықтағы жұмысқа жіберу тәртібін реттейді.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×