Білім және ғылым минситрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен жоспары негізінде балаларды жүзуге үйрету ұйымдастырылған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ҚР Үкімет үйінде өткен отырыста мәлімдеді.
Сондай-ақ, министр жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынатындығын айтты:
«Әрине, жазғы демалыста қауіпсіздік мәселесі басты назарда болады. Осы айдың басында жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары ведомоствоаралық отырыста, лагерь басшыларының кеңесінде қаралды. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында жазғы лагерлерге қоғамдық мониторинг жасалып отыр. Бала қауіпсіздігін басты қаперде ұстау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін Сенім телефоны мен арнайы чаттар бар».
Сондай-ақ, Күләш Ноғатайқызы жазғы лагерлерде және балаларды сауықтыру орталықтарында тамақтану мәселесіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету маңызды екендігін атап өтті.
Оған қоса, балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін ата-аналар басты назарда ұстау керек екенін де баса айтты.
Ақпарат: Studentmedia.kz