Now Reading
18 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін өтінімдер қабылдау басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 18 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін өтінімдер қабылдау басталады

18 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін өтінімдер қабылдау басталады

Кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

18 маусымда app.testcenter.kz веб-сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу басталады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Тіркелу кезінде тестілеу қаласын өзіңіз таңдауыңыз керек екендігі атап өтілген. Кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Тестілеу үш бөлімнен тұрады:

• шет тілінен тест;

• оқуға дайындығын анықтайтын тест;

• білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Жалпы еуропалық стандарттарға сәйкес шет тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаттардың бірін иеленген талапкерлер шет тілі емтиханынан босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны — 8292 теңге. Сайтқа тіркелу кезінде төлем онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...